Дәріс №15 тіл білімінің зерттеу әдістері мен тәсілдері



бет1/6
Дата25.11.2022
өлшемі24,39 Kb.
#52549
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14 дәріс ЖТБ


Дәріс №15


ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Кез келген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі – зерттеушінің ғылыми зерттеу әдіснамасын, зерттеудің әдіс-тәсілін дұрыс қолдана алуына байланысты. Зерттеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталмастан бұрын біз әдіснама, әдіс, тәсіл терминдерінің мағыналарын ажыратып, олардың айырмашылықтарын білуіміз керек.


Әдіснама – ол жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым. Әдіснама зерттеудің жалпы ғылымдық бағыт-бағдарын көрсетеді.
Әдіс – қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Әр ғылымның тек өзіне тән зерттеу әдістері болады. Әдіс әдіснамаға тәуелді болады, соған бағынады. Өйткені әдіснама зерттеудің жалпы ұстанымдарын белгілейді.
Тәсіл – зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік амал.
Әдіснама жоғарыда айтылғандай жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым.
Әдіснаманың екі түрі бар: жалпы (философиялық) және жеке (нақты ғылыми әдіснама).
Жалпы немесе философиялық әдіснама – ол адамның қоршаған ортаны танудағы жалпы ережелерінің жиынтығы, ол тірі және өлі табиғаттың ортақ заңдарына негізделген. Бұл әдіснама зерттеушіні табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландырып, оны өз зерттеу проблемасын анықтап түсінуге көмектеседі.
Жалпы әдіснама – бұл таным қағидаларының жиынтығы. Әдіснама ғылымы зерттеп енгізген жалпы ұстанымдарды кез келген ғылымда, оның ішінде тіл білімінде де қолдануға болады.
Жеке немесе нақты ғылыми әдіснама – объективті әлемнің белгілі бір саласын зерттеудегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы (жалпы ұстанымдардан бастап, нақты фактілермен жұмыс істеу тәсілдеріне шейін). Яғни, зерттеудің нақты бір саласындағы, біздің жағдайда, тіл біліміндегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы.
Жеке әдіснама – үш бөлімді тізбектен тұрады: ұстаным → әдіс → тәсіл. Олар лингвистикалық зерттеулердің ұстанымдары, лингвистиканың әдістері және тілді зерттеудің тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет