Билет N. 1 Жауап


Бухгалтерлік есеп шоттары



бет2/7
Дата17.12.2022
өлшемі34,8 Kb.
#57739
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Емтихан жауаптары бух учет 21билетке дейін

Бухгалтерлік есеп шоттары – ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады. Деректері теңгерімде көрсетілетін шоттарды теңгерімдік шоттар дейді. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар қалдықтарды (сальдо) көрсетуден басталады. Сальдо бастапқы сальдо (есепті кезеңнің – әдетте айдың басындағы шоттар бойынша жазылады) және ақырғы сальдо (бастапқы сальдоны және есепті кезеңнің соңындағы дебет пен кредит бойынша операциялардың қорытындысы ескеріле отырып шығарылады) болып келеді. Сальдо бухгалтерлік теңгерімде көрсетілетін шот жағына жазылады, яғни қаражат (теңгерім активі) – дебет бойынша, міндеттемелер (теңгерім пассиві) – кредит бойынша жазылады. Бухгалтерлік есеп шоттары қаражаттың есебіне арналған актив шот және міндеттемелер мен шаруашылық қаражаттың туындайтын көздерінің есебіне арналған пассив шот түрлеріне бөлінеді. Есеп нысанының көбеюін білдіретін операциялар шоттың бастапқы сальдо ескерілетін жағына, ал оның азаюы қарама-қарсы жағына жазылады. Актив бухгалтерлік есеп шоттарындағы дебет бойынша жазба көбеюді, ал пассив бухгалтерлік есеп шоттарында керісінше: кредит бойынша жазба – көбеюді, ал дебет бойынша жазба – азаюды білдіреді. Есепті кезеңдегі шаруашылық операциялар жазбаларының қорытындысы (сальдоны есептемегенде) шоттар бойынша айналымдар деп аталады. 

2.Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мынаны қамтиды:

  1. бухгалтерлік баланс;

  2. пайда мен зияндар туралы есеп;

  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

  4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

  5. түсіндірме жазба.

Билет N.9 Жауап

  1. Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет