1) Шешендік өнер тарихын қысқаша айтып бер? Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді. Риторика ғылымының негізін салған софист Протагор болып есептеледі. Протагор шешендік өнерге байланысты «Айтыс өнері», «Тартыс туралы», «Ғылымдар туралы», «Өктем сөз», «Жарыссөз» атты еңбектер жазған. Шешендiк өнер көне Римде басты орында болды, онда сөз құдiретiне ие адамға тәңiрiндей табынған.Сондықтан шешен сөйлеудiң қыр-сырын меңгеру мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындады.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын дөп басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» дейтін де сөз бар. «Майқы – Шыңғысты хан көтерген он екі бидің бірі», – дейді Абай. Бірақ шешендік сөз өнерінің шығу тарихы әлдеқайда әріден басталса керек. Біз білетін қазақ шешендерінің атасы – Жиренше шешен және ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше атымен байланысты сөздер.
2)Сипаттау, баяндау, пайымдау мәтіндерінің ерекшелігін түсіндір. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін баяндау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді? Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай? Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен? №21 билет 1) Ғылыми стилдің лексикасында қандай ерекшеліктер болады? Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшеліктер: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады, көпмағыналы, образды сөздер аз кездеседі. Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібі, тіл нормасы қатаң сақталады және ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделеді.