1) Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері дегеніміз не? 1.Әр ғылым саласының өзіне тән терминдері мен атаулары қолданылады.
2.Ғылыми стильдің өзіне тән синтаксистік құрылымы болады. Тұрақты үлгідегі сөйлемдер, сөз тіркестері молынан пайдаланылады.
3.Өткен шақ, осы шақтағы хабарлы сөйлемдер жиі қолданылады.
4.Ырықсыз етістіктен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады.
5.Ойдың ағынын білдіретін үстеулер мен шылаулар кездеседі.
6.Сөйлемдердегі ойдың бір-бірімен өзара қатынасын білдіретін қыстырма сөздер де ұшырасады
2) Қандай сөздер бас әріппен жазылады? 1) жалқы есімдер: Қызылорда, Абылай, Талас өзені, Шолпан жұлдыз; 2) жоғарғы мемлекеттік қызмет атаулары мен құрметті атақтар: Пре- зидент Әкімшілігі, Xалық Қаhарманы; 3) мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдар атаула- рының әр сөзі: Қазақстан Pеспубликасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы; 4) нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, өлеңнің әрбір жолы: Жанұя – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер (Қ.Аманжолов); 5) кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттері бар жалқы есімдер: Жаяу Мұса, Ер Төстік, Қыз Жібек; 6) бас әріптермен қысқарған сөздер: БҰҰ, ТМД; 7) түрлі мекемелер, білім-ғылым орындарының күрделі атауларының бірінші сөзі: Павлодар мемлекеттік университеті; 8) мифологиялық кейіпкерлердің, әулиелердің аттары: Бекет ата, Арыстан баб (баба), Ойсылқара, Зеңгібаба; 9) мал, құс, ит т.б. қойылған аттар: Байшұбар, Тайбурыл, Бөрібасар; 10) маңызды тарихи оқиғалар, мерекелердің аттары: Ұлы Отан со- ғысы, Ақтабан шұбырынды, Жеңіс күні; 11) орден, медаль аттары; құрметті атақтардың бірінші сөзі: «Құрмет» ордені, «Барыс» ордені, «Күлтегін» медалі; 12) ресми құжаттардағы шартты атаулар: Жоғары мәртебелі Прези- дент мырза, Елбасы; 13) көше, алаң, парк, шоссе, көпір, жол және т.б. аттарының бірінші сөзі: Жібек жолы көшесі, Pеспублика алаңы; 14) кітап, газет, журнал аттары: «Қартқожа» романы, «Ана тілі» газеті; 15) рудың аты жалқы есімнің алдынан келетін тұрақты эпитеттің ор- нында жұмсалса: Қызылқұрт Теке би, Қаракерей Қабанбай. №20 билет