Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?


) Сөзжасамдық тәсілдерді атап, мысал келтір



бет10/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Казак тылы билет

2) Сөзжасамдық тәсілдерді атап, мысал келтір.
1) Синтетикалық тәсіл Мысалы: жаңалық, жүлдегер, ақылды, ардагер, айыпкер, сәулетші.
2) Аналитикалық тәсіл Мысалы: үшбұрыш, тікұшақ, көмір қышқылы, ақсақал, те- мірқазық
3) Лексика-семантикалық тәсіл Мысалы: бүлдірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, жасау
16 билет
1) Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері туралы өз ойыңызды айтыңыз.
Ғылыми шығармадағы заттардың, ұғымдардың, түсініктердің атау- лары неғұрлым объективті түрде және сол зат, ұғым, түсінік туралы санадағы пайымдаулар негізінде беріледі. Мысалы, әлеуметтік-тұр- мыстық қарым-қатынаста аспандағы ай, жарық ай, жаңа туған ай деп айтамыз. Ал егер де ғылыми стильде анықтама беретін болсақ Ай – Жердің серігі, планетаның серігі деп айтамыз.
Ғылыми әдебиеттің тілдік құралдары мен стильдік амалдары:
а) тұрақты үлгідегі сөйлемдер, сөз тіркестері, кітаби лексика, ғылыми терминдердің қолданылуы;
ә) жан-жақты зерттелген мәселені тұжырымдау;
б) ойды, нәтижені баяндауда тәжірибе, сараптама қорытындыларының болуы;
в) ғылыми дәлелдерге, дәйектер мен нақты түсініктерге негізделуі.
2) Шешен көпшілік алдында сөйлеуде нелерді ескеру қажет?
Шешеннің көпшілік алдында өзін-өзі ұстау әдебі мен сыртқы келбеті . Көпшілік алдына шығатын адамның киім киісі, тазалығы, жинақылығы, өзін ұстауы, бет-жүз, дене қимылдарының сөз мазмұнымен үйлесімді болуы да шешен сөзінің мәнін арттырады.
17 билет
1) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы айтыңыз.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған өзге сөз таптарынан болғанда;
Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш ІІІ жақтағы затесімнен болғанда;
Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз затесімнен не керісінше болғанда
Бастауыш пен баяндауыш бір сөздің қайталануынан жасалғанда;
Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не сан есімнен жасалғанда;
Бастауыш есімшеден, ал баяндауыш зат есім, есімше, есімдіктен жасалғанда;
Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі,алдыңғысы, соңғысы, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық етіс-тіктен болғанда;
Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа мүшесімен шатасып кететін болса;
Бастауыш зат есімнен не заттанған сөз таптарынан, баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдерден болса;
Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген сияқты сөздер тұрса;
Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма сияқты қыстырма сөз тіркестерінің араларына сызықша қойылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет