1) Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі дегеніміз не?
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі деп ешқандай жұрнақсыз-ақ, ешқандай сөз тіркеуінсіз-ақ жаңа сөз жасауды айтамыз. Сөздің дыбыстық формасында ешқандай да өзгеріс болмайды, алайда оның мағыналық көрсетілімінде өзгерістер пайда болады да, бұл өзгеріс өз кезегінде кең қолданысқа ие болады.
2) Ойталқының (диспут) қандай ерекшеліктері бар?
Ойталқыға қатысатындар саны үш адамнан кем болмауы керек. Алдын ала белгіленген күн тәртібіндегі тақырып, яғни баяндама тыңдалады. Пікір айтушылар өз еркімен сөйлейді. Сөйлеуші өзіндік көзқарасын білдіруге құқылы. Талас диалог түрінде жүреді. Баяндамашы туындаған сұрақтарға жауап береді. Сұрақ тоқтаған соң төраға қорытындылайды.Ойталқы адамның дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізеді.
№11 билет
1) Шылау сөздердің жазылу ерекшеліктерін түсіндір.
1) Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады. Мысалы: Күні бойы мұз ойған жігіттің кешке қарай екі алақаны дуылдап жанып кетті (Ә.Н.).
2) ма (ме, ба, бе, па, пе), соң шылаулары жіктік жалғауынан бұрын келсе, оның тұлғасы -мы (-мі, -бы, -бі, -пы, -пі), -сын (-сін) болып өзгеріп, сөзбен қосылып бірге жазылады да, одан кейін жіктік жалғауы жалғанады: барасың ба – барамысың, барған соң – барғасын
3) -ақ, -ай, -ау, -ды, -ді, -ты (-ті), -мыс (-міс) шылаулары дефис арқылы жазылады. Мысалы: Екі жігіт Еламанды екі жағынан тырп еткізбей сығып ұстап тұрған-ды
2) Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
1) жалқы есімдер: Қызылорда, Абылай, Талас өзені, Шолпан жұлдыз;
2) жоғарғы мемлекеттік қызмет атаулары мен құрметті атақтар: Пре- зидент Әкімшілігі, Xалық Қаhарманы;
3) мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдар атаула- рының әр сөзі: Қазақстан Pеспубликасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы;
4) нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, өлеңнің әрбір жолы: Жанұя – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер (Қ.Аманжолов);
5) кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттері бар жалқы есімдер: Жаяу Мұса, Ер Төстік, Қыз Жібек;
6) бас әріптермен қысқарған сөздер: БҰҰ, ТМД;
7) түрлі мекемелер, білім-ғылым орындарының күрделі атауларының бірінші сөзі: Павлодар мемлекеттік университеті;
8) мифологиялық кейіпкерлердің, әулиелердің аттары: Бекет ата, Арыстан баб (баба), Ойсылқара, Зеңгібаба;
9) мал, құс, ит т.б. қойылған аттар: Байшұбар, Тайбурыл, Бөрібасар;
10) маңызды тарихи оқиғалар, мерекелердің аттары: Ұлы Отан со- ғысы, Ақтабан шұбырынды, Жеңіс күні;
11) орден, медаль аттары; құрметті атақтардың бірінші сөзі: «Құрмет» ордені, «Барыс» ордені, «Күлтегін» медалі;
12) ресми құжаттардағы шартты атаулар: Жоғары мәртебелі Прези- дент мырза, Елбасы;
13) көше, алаң, парк, шоссе, көпір, жол және т.б. аттарының бірінші сөзі: Жібек жолы көшесі, Pеспублика алаңы;
14) кітап, газет, журнал аттары: «Қартқожа» романы, «Ана тілі» газеті;
15) рудың аты жалқы есімнің алдынан келетін тұрақты эпитеттің ор- нында жұмсалса: Қызылқұрт Теке би, Қаракерей Қабанбай.
№12 билет
Достарыңызбен бөлісу: |