Түзілу жылулары (кДж/кмоль) CaC2 -62700; H2O -241840; CaO -635100; C2H2 +226700 болса, кальций карбидінен ацетиленді алу реакциясының түзілу жылуын анықтаңыз.
Билет№10 1.Сульфаниламидті қандай дәрілік препараттарды білесіз? Техникалық сульфаниламидті (стрептоцид) алу үшін фенилметилуретан хлорсульфонадандырылады, алынған пара-карбометоксиаминобензолсульфонилхлоридтен амидация арқылы пара-уетиланбензолсульфонамид алынады, ол натрий гидроксидінің сулы ерітіндісінде сабындалады.
Сульфаниламидтер медицина практикасында қолдануда орын алган әсер спектрі кең ең бірінші химиотерапиялық антибактериалды заттар. Олар химиялық құрылысы бойынша сульфаниламидтер туындысына (сульфанил қышқылының амиді) жатады.
Ішек қуысына әсер ететін препараттар (асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңетіндер)Бұл препараттардың негізгі ерекшелігі олардың асқазан-ішек жолдарында нашар сіңгіштігі болып табылады, сондықтан ішек қуысында олардың жоғарғы концентрациясы түзіледі.Оған Фталазол жатады.
Жергілікті қолдануга арналған препараттар Көз инфекцияларын емдеу және алдын алу үшін сульфаниламидтер жергілікті колданылады.Оған:
• Сульфацил - натрий
• Сульфазиннің күміс тұзы жатады.
Резорбтивті әсерге арналған сульфаниламидтер топтың препараттары асқазан-ішек жолдарынан тез және толық сіңеді.Сульфаниламидтер сарысу альбуминдерімен жартылай байланысады. Барлық тіндерге таралады, соның ішінде гематоэнцефалдық, плацентарлық тосқауыл аркылы өтеді, дененің сероздық қуыстарында жиналады.
Ағзада сульфаниламидтердің басқа затқа айналуының негізгі жолы — ацетилдену (М* бойынша), ол бауырда жүреді. Бұл кезде түзілген қосылыс антибактериалдық белсенділігінен айырылған. Кейбір ацетилденген туындылар бастапқы сульфаниламидтерге қарағанда нашар ериді және зәрде кристалдардың (кристаллурияның) түзілунің себебі болуы мүмкін. Әртүрлі препараттардың ацетилдену дәрежесі бірдей емес. Ең аз ацетилденетін уросульфан, сульфацилнатрий, этазол.