2020 жылы наурыз айынан бастап біз қашықтықтан білім беруге көштік. Соған орай Bilimlent, imektep, itest платформасын қолдана отырып сапалы түрде білім беріп келеміз. 21ғасыр мұғалімі әмбебап болу қажет. Ол өз ісінің шебері және IT технологияларды меңгерген , сабағын қызықтыра білетін, жаһандану дәуірінде үлгі бола алатын ұстаз болу керек. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де болдым, толдым, мен бәрінде білемін деп айтуға болмайды, ұстаз үнемі ізденіс үстінде болу керек. Өмір бір орында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп білімін , біліктілігін арттырып отыру қажет.
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Белден ассаң алдыңда бел көрінсе
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің
Сондықтан да келеді біле бергім
Қашықтықтан оқыту кезінде ең бір қиынға соғатыны мұғалімнің экран алдындағы баланы ұстауы. Яғни сіздің сабағыңыз өте қызық болу керек. 4 сынып оқушылары үй тапсырмаларын қайталаған кезде ойындар ойнағанды ұнатады және де жаңа тақырып түсіндірер алдында балаларға түсіндіру мақсатында видео немесе сурет қолдансаңыз болады
Назарларыңызға рахмет