«Білгірлер сайысы» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Тәуелсіздік туы- білімді ұрпақ қолында» дегеніндей алдымызда тұрған дені сау, рухы биік, ой – өрісі кең, болашағы айқын жеке тұлғаны ХХІ ғасырдың білгірде, білімді етіп шығару өз қолымызда. Себебі, 8- 9 сыныптар аралығында өтетін интеллектуалды ойын осының дәлеліндей.
Көруге бұл сайысқа жиылғандар,
Ұлы ғалымдарға құрметпенен сиынғандар
Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар!
Ойынның ұраны:«Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт». Ойынға қатысушы оқушылармен танысу:
8 сынып оқушысы - Жүсіпбаева Гүлім Таңатқан қызы. Бос уақытында шахмат, кітап оқумен айналысады.
Гүлім: «Еңбек бәрін жеңбек» деген қанатты сөзді әрқашан жадында ұстайтын үлгілі оқушы.
8 сынып оқушысы - Дүйсенбеава Гүлім Құрманбекқызы. Бос уақытында кітап оқып теледидар көргенді ұнатады. Гүлім: «Талапты тас жарар, талапсыз бас жарар» деген мақалды әрқашан ұстанатын биязы да ұқыпты оқушы.
9 сынып оқушысы Вышутин Глеб Игорь ұлы . бос уақытында футбол ойнап, кітап оқиды.
Глеб: «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» деген ұлағатты сөзді ұстанатын салмақты да, ойы ұшқыр, қазақша тілде керемет сөйлейтін, ұқыпты оқушы.
9 сынып оқушысы Қайырбекова салтанат Манатқызы. Бос уақытында тоқыма тоқып, кітап оқып, бассейінде жүзгенді жақсы көреді.
Салтанат: «Кітап- алтын сандық, іші толған- қазына құт. Оқы- оқы, ойыңа тұт» деген сөзді әрқашан жадында ұстайтын, ізденімпаз оқушы.
9 сынып оқушысы: Болатова Салтанат Болатқызы. Бос уақытында компьтердің алдында отырғанды жақсы көреді.
Салтанат: «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деген қанатты сөзді әрқашан жадында ұстайтын алғыр оқушы.
Сайыс басталмай тұрып әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________