Біліктілігін арттыру институты



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата03.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#71408
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Б.Жалмуханова

Талқы себепшісі: Топ талқылайтын әдеби шығарма туралы 3
немесе 4 сұрақ құрастырады. Бұл сұрақтарда
шығарманың түрлі бөліктері мен басты тақырыбы
қамтылуын қадағалау керек. Құрылған сұрақтар
талқыға және сараптамаға себеп болатын ашық 
сұрақ болуы тиіс. Талдау кезінде жеңіл болу үшін 
осы сұрақтарға жауаптарын жазады. 

Белгілеуші: Мәтінге көз жүгіртіп, әңгіменің 


16 
жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды 
бөліктерін белгілейді. Олар қызықты, күлкілі, ой тудырарлық болуы 
мүмкін. Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың 
маңыздылығын талқылайды. Сыныппен бөлісуге соның ішінен ең 
ұтымды деген бөліктерін таңдап алады. 
 

Байланыстырушы: Мәтін мен шынайы 
өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты 
анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке 
өмірінен, мектепте болып жатқан іс-
шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті 
жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті 
теледидар бағдарламаларынан алынған 
оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір 
алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды. 

Қорытындылаушы: Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды, 
шығарма компазициясына тоқталады және
шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді. 
Шығарманың негізгі тақырыбын ашады. Автордың 
позициясын анықтайды.  

Суреттеуші: Мәтінге қатысты 
нақты немесе абстрактілі сурет салады.
Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің 
басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе 
алуы маңызды. 
Мультфильм бейнелерін
диаграмма , сызбанұсқа, кесте арқылы 
беруге де болады. Қойылатын талап:
салған суреттері арқылы мәтін мазмұнын 
аша білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет