Байланысты: пркатика басақада сабақта керекті Атырау аласы, 2018 жыл 2
Байланыстырушы: Мәтін мен шынайы
өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты
анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке
өмірінен, мектепте болып жатқан іс-
шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті
жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті
теледидар бағдарламаларынан алынған
оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір
алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды.
Қорытындылаушы: Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды,
шығарма компазициясына тоқталады және
шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді.
Шығарманың негізгі тақырыбын ашады. Автордың
позициясын анықтайды.
Суреттеуші:
Мәтінге қатысты
нақты немесе абстрактілі сурет салады.
Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің
басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе
алуы маңызды.
Мультфильм бейнелерін,
диаграмма , сызбанұсқа, кесте арқылы
беруге де болады. Қойылатын талап:
салған суреттері арқылы мәтін мазмұнын
аша білу керек.
«Менің есімімнің тарихы» әдісі Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың бойында
құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға
үлкен мән беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту.
Тиімділігі: Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ танысады, олардың
бойында ұлттық құндылықтар қалыптасады, адамның туылған кезде
есімін қоюға үлкен мән беру керектігін түсінеді, зерттеушілік
дағдыларын дамытады.
17
Қолданылуы: 1 күн бұрын өзінің есімінің
тарихы, кім және қашан қандай жағадайда
қойғаны туралы зерттеу тапсырма беріледі.
Сабақта жеке-жеке сұралады. Сонда әрбір
оқушы өзінің есімінің тарихы туралы айтып
береді.