34
IV. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БОЙЫНША ҚЫСҚА МЕРЗІМ ЖОСПАРДЫҢ ЖАСАЛУ
ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясында 2016 жылдан бастап еліміздегі барлық жалпы білім
мектептер жаңа бағдарлама бойынша білім беруде.
Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар
түрінде технологияландыру болып табылады.
Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын
орындауға тиіс, пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын
орындап,
сонымен
қатар,
оқушылардың
қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлау қажет.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімдер төмендегі
ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
І. Сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу
жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
Мысалы :
(
Жаратылыстану пәні) оқу мақсаты:
1.2.2.2 жабайы
және үй жануарларын ажырату.
Орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді
ұйымдастыру ұсынылады. Мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі
қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сабақтың міндетті
элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің
әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.
Енді қысқа мерзімді жоспардың үлгісінің әр бабына жеке-жеке
тоқталып, оның әрқайсына сипаттама беріп, өз түсінігімді келтіріп
кетейін:
Сабақтың
басты
міндеті-оқу
мақсатын
жүзеге
асыру
болғандықтан, оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге
болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу
бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да
көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек.
Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе
бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: