64
Мұғалім:
«Біздер әзірге
бір-бірімізді дұрыс танымаймыз,сондықтан
бір-бірімізді жақынырақ тану үшін сіздерге топтық жұмыс
тапсырамын,бұл тапсырманы әр топ мүшелері бірлесе, ақылдаса
отырып,ойларыңызды еркін жеткізуге тырысыңыздар» деп әр топқа
парақшалар таратты.
Мақсаты:
Ата-аналар бір-бірін ің пікірлерін тыңдап, ойларын ортаға салып,
ортақ шешімге келе отырып, еркін,ашық сөйлеуге ,бір-бірінің
пікірімен санаса білуге дағдыланып ,өз-өздерін тәрбиелейді.
І
топ:
Осы екі аптада мектепке деген көзқарасыңыз қандай?
Неліктен осы мектепті таңдадыңыз? Ұсынысыңыз
.
ІІ-топ:
Балаңыздың ұстазына деген қазіргі көзқарасыңыз қандай?
Ұсынысыңыз
.
ІІІ топ:
Ата – ана тарапынан мұғалімге,сыныпқа көмек көрсетілу
керек деп ойлайсыз ба?Неліктен? Өзіңіз ше?
Ұсыныстарыңыз
.
Әр топ алдарына берілген А-3 форматты параққа өз ойларын жазып
ортаға шығып қорғады.Ата-аналар бір-бірін шапалақпен қолпаштап
отырды.
«Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне ата-ананың көмегі.
65
Ата-аналарға психологиялық кеңес»
деген тақырыпта
слайдтан
бірнеше пайдалы кеңестер оқылып,талданды.
Осындай жұмыстардан кейін Ата-аналар алқасын сайлауды
тапсырды.Көптің ұсынысымен ата-аналар алқасының
төрайымысайланады.
Ата -аналар жиналыстан алған әсерлерін айтып, қолдарындағы
стикерлерге тілектерін жазып тақтаға ілді.
Ата-аналар жиналысының жүру барысы №2 (үлгі)
Мақсаты:
1.
І тоқсанның қортындысымен таныстыра отырып, ІІ
тоқсанда білім сапасын көтеру жолдарын алға қою.
2.
Бірлескен жұмыс аймағын құра отырып,дәстүрлі оқыту
мен жаңа бағдарламаның ерекшелігін көрсету, топта жұмыс
жасауға,бір-бірінің пікірімен санаса отырып ,ортақ
шешімге
келе білуге дағдыландыру.
Жүру барысы:
1.Сынып ережеесін ескеру.
2. «Бала тәрбиесі» бейнефильм көрсету.
3. І тоқсандағы білім сапасы
4. «Ойлан,жұптас,талқыла» топтық жұмыс
5.Мектеп өмірінен бейнефильм
1. Ата-аналармен амандасып , жиналыста қаралатын мәселелермен
таныстырылады. Дыбыс түрлеріне байланысты топқа
бөлінеді.Жиналыс ережесі қайталанады.
2.Бейне фильм көру. «Асыл арна»
3. «Ойлан,жұптас,талқыла» топтық жұмыс
66
І-топ:
Қазіргі оқу бағдарламасы мен сіздің кезіңіздегі оқу
бағдарламасының айырмашылығы
бар деп ойлайсыз
ба?Неге?Дәлелдеңіз.
ІІ-топ:
Жаңа оқу бағдарламасының минус-, плюс+ жағын көрсетіңіз.
Минус-жағын қалай +плюске айналдырсақ болады.Сыныпқа
көңілдеріңіз тола ма?
ІІІ-топ:
І тоқсанда сіздер үшін қандай қиындықтар болды?Қалай
жеңдіңіздер?Әттең-ай деген жерлер болды ма?Ұсыныс.
Достарыңызбен бөлісу: