11
сауақтың түсіне қарап өздерін ретке келтіреді. Сізге қайта-қайта
сөзбен ескерту қажет емес болады.
Сабақ соңында жеке оқушыда
немесе жеке топта қанша түсті саусақ қолдары болса, сол бойынша
кері байланыс берілесіз. Мысалы: «бүгінгі
сабақ барысында екінші
топ 4 жасыл және 2 сары түсті қол жинапты яғни, сабаққа өте белсенді
қатынасып отырдығыздар, берілген сұраққа нақты жауап бердіңіздер,
бірақ сіздің топта кейбір оқушыларыңыздың арасында басқа
нәрсемен шұғылданып кеткен
оқушылар да болды, оны өздеріңіз де
біліп отырсыздар. Келесіде осы жағына мән берерсіздер» Міне,
мұғалімнің тарапынан берілген осындай тиімді кері байланыстан
кейін оқушылар өзін-өзі реттеп, ұсыныстар
бойынша әрекеттеріне
түзету жұмыстарын жасайды.
«Су-ли-фо» әдісі
Қолданылуы:
Оқушылар жұпқа бөлінеді,
белгілі уақыт беріледі. «Су-ли-фо» дегенде екі
бала бірдей уақытта саусақтарын көрсетеді.
Жұптағы қай бала саусақтардың қосындысын
бірінші тез айтса соған бір ұпай қосылады.
Мысалы: 3(саусақ )+5 (саусақ)=8.
Жүздіктер мен мыңдықтармен танысқаннан
кейін әр саусақты жүздік, мыңдық деп қосады.
Мыс: 300+500; 3000+5000:
Көбейту кестесіне түскен кезде қосудың орнына саусақ сандарын
көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: