Топтық жұмыс. Қатысушылар шағын бірнеше топтарға бөлінеді. Барлық топтарға бірдей тапсырма ұсынылады.
Шарты: сөйлемді немесе мәтінді қиып-қиып үстелдің үстіне араластырып шашып тастауға немесе арнайы конвертке салып ұсынуға болады. Оқушылар оны «Домино» ойынын ойнаған сияқты толық құрастырып шығуы керек. Мұғалім ұсынылған тапсырманың көлеміне қарай уақытты белгілейді.
Оқушылар топпен жұмыс істейді.
Мақсаты:айтылым дағдысын дамыту, жылдам ойлауға, жауап беруге машықтандыру.
Мысалы: Арман таңғы асын ішіп болып, орманнан тез ағаштар әкеледі, оны жонып, бірден түрлі мүсіндер жасауға кіріседі.
Мысалы: «Құмырсқа» ертегісін құрастыру.
Ертеде бір данышпан құмырсқаның тілін біледі екен. Дән тасып жүргенін көріп, алақанына салып:
Кане, құмырсқа, дәнді қайда алып барасың ? – деп сұрайды.
Илеуіме апарамын.
Оны қайтесің ?
Кейінге сақтаймын.
Көп жинайсың ба ?
Жаздай жұмыс істеп, азығымды жинаймын да, қыста тынығып жатамын.
Адам құмырсқаны айналдыра қарай бастайды.
Басың неге үлкен ?
Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
Белің неге қылдырықтай ?
Қомағай емеспін.
Жылына қанша дән жейсің ?
Бір дән жеймін.
Соған қанағат етесің бе ?
Одан көп жей берсем, жер бетіндегі құмырсқалар аш қалмай ма ? Қанағат керек қой.