Білім академиясы



бет1/23
Дата24.11.2023
өлшемі2,64 Mb.
#125236
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
50 әдіс тәсіл түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ


«Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»
республикалық әдістемелік оқыту семинарының
МАТЕРИАЛДАРЫ


Дайындағандар:


Рахимжанов Кайыржан Алдашұлы- ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім институтының директоры


Жакишева Мейрамгуль КенжеғалиқызыҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА қоғамдық-гуманитарлық білім зертханасының аға ғылыми қызметкері
Астана қаласы
2017 жыл





















Б А Ғ Д А Р Л А М А

Уақыты

Іс-шара

1-күн

09.30-10.00

Семинарға қатысушыларды тіркеу

10.00-10.15

Семинардың ашылуы



10.00-10.45

Оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің ерекшеліктері



10.45-11.15

5-9, 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері

11.15-11.30

Үзіліс

11.30-13.00

Топтық жұмыс. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері



13.00-14.00

Түскі үзіліс

14.00-15.30

Топтық жұмыс.
Коммуникативті дидактика мен әдістеме.(«Фильм дидактикасы» әдісі)



15.30-15.45

Үзіліс

15.45-16.45

Топтық жұмыс.
Коммуникативті дидактика мен әдістеме.«Фильм дидактикасы» әдісі бойынша шағын жоба қорғау жұмысы



16.45-17.00

Рефлексия

2-күн

09.00-9.30

Семинарға қатысушыларды тіркеу



9.30-11.00

Топтық жұмыс.
Тіл үйретудегі әдістемелік-дидактикалық принциптер (тілді үйрену дағдыларын дамытуға арналған интерактивті әдістер)



11.00-11.15

Үзіліс

11.15-13.00

Жұптық, топтық жұмыс түрлері.
Қатысушылардың іс-әрекетіне бағытталған сабақтар (тіл сабақтарына арналған ойындар)

13.00-14.00

Түскі үзіліс

14.00-15.30

Қазақ тілі сабағында орындалатын бақылау жұмысының түрлері.

15.30-15.45

Үзіліс

15.45-17.00



Топтық жұмыс.
Қазақ тілі сабағында орындалатын бақылау жұмысын әзірлеу.
-бақылау жұмысының формалары
-тест жұмысының түрлері

17.00-17.15

Рефлексия



17.15-18.00

Семинардың жабылуы.
Сертификат табыстау



Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
«Қатысушылармен танысу» ойыны

Семинар-тренингке қатысушылармен танысуды интерактивті ойындар түрінде жүзеге асырылады.


Шарты:
Үстелдің үстінде жатқан әртүрлі заттардың біреуін әркім өзінің қалауынша таңдап алып, сол затпен өз өмірін байланыстыра отырып, 1-2 сөйлеммен ғана өзін таныстырады.
Мысалы, үстелдің үстінде бірнеше суреттер, заттар жатады (жаңа жылдық ашық хат, кітап, қойын дәптер, қалам, қарындаш, фотосуреттер, альбом, гүлдер, кілт, айна және т.б.) Қатысушы осы алған нәрсені неге алғандығын өзіне қатысты оқиғамен немесе өз өмірімен байланыстырып айтып береді. Осылайша, танысу рәсімі ең соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.
Сабақ барысында да ұтымды қолдануға болады. Оқушылардың сөздік қорын дамытады.
«Менің кім екенімді болжа» әдісі

Мұғалімнің (оқушының) кім екенін слайдтағы сөздердің, сандардың, суреттердің, шартты белгілердің оның өміріне қандай қатысы бар екені тұрғысынан болжайды. Топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады.


Топ бойынша жұмыс жасайды, дұрыс жауап берген топ жалғастырады, болжау қате болса кезек келесі топқа беріледі. Қатысушыларға 5 минут уакыт беріледі. Берілген уақыт аяқталған кейін топтар кезекпен өз болжамдарын айта бастайды. Болжам дұрыс болса одан әрі жалғастыра береді, ал дұрыс емес болса келесі топ жалғастырады.
Топ мүшелері таба алмаған сөздерді жүргізуші өзі толықтырады. Барлық сөздерді және сөз тіркестерін, шартты белгілерді толық болжап болған соң тренер тыңдаушыларға мынадай сұрақ қоюға болады: «Оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі "Қазақ тілі» сабағында осы тапсырманы қалай пайдалануға болады?» (топтар өздерінің жауап нұсқаларын ұсынады). Қатысушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін: Мәтінмен жұмыс алдында, өзін таныстыру кезінде, белгісіз нәрседен мағлұмат алу үшін, болжам жасауға, ой қорытуға жетелейді.
Ал, мұғалім сабақ барысында сол сабаққа немесе атқарылған іс-әрекетке қатысты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сұрақтар таңдап алады. Жауаптарына талдау жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет