Тыңдалым және айтылым Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Мәтін бойынша басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
А мәтіні.
Қазақстанның өзендері Қазақстан өзендері Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, сығырлай аққан бұлақтар мен ұзынды-қысқалы өзендер, көлдер, бақтардағы бұлбұл құстардың әсем үні мен айдың көлдегі аққу құстың қиқулаған ғажап дауысы бәрі-бәрі табиғат ананың сізбен бізге берген тамаша тартуы. Сондай баға жетпес тартуының бірі саналатын Қазақстан өзендері екі су алабына бөлінеді. Бірі – Солтүстік Мұзды мұхит алабы, екіншісі – ішкі ағынсыз көлдер алабы. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер Сауыр, Тарбағатай және Алтай тауларынан Сарыарқа мен Оңтүстік Орал тауларының оңтүстік-шығысынан басталады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңтүстік-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол өңірлердегі өзен торының жиілігі басқа өңірлерге қарағанда жоғары. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарына басталады. Арал және Каспий маңы өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек келеді. Өзендердің көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Қазақстандағы ең суы мол Ертіс өзені. Оның республика жеріндегі ұзындығы – 1700 км болса, жалпы ұзындығы – 4248 км. Жоғары бөлігіндегі ағыны екі ірі су электр станцияларымен реттеліп, біраз бөлігі Ертіс Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Егінді суару қарқынды пайдалануының себебінен кейбір жылдары Аралға жетпей тартылып қалады. (188 сөз) https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/2779