25
шешу, жауапты табу, материалды еске түсіру) орындаудың қиындығы туралы
ойда қалып қояды. Ондай оқушыларды толғаныс күйінен тапсырманың
орындалуы ол үшін немен бағалы екенін түсіндіру арқылы алып шығуға болады,
яғни тағы да жағымды мотивация күшіне енеді. Бұл нәтижесіз мотивтердің
ішіндегі ең қиындарының бірі, сондықтан да кейде оқушыға орындалуы
қиындық туғызатын тапсырмаларды кейінге қалдыра тұруға кеңес беру
пайдалырақ.
Қайта құру мотивациялық стилі. Кейбір оқушылар барлық тапсырманы
немесе бар жауапты жұмыстың үлкен бір қатерлі, топтастырылмаған көлемі
ретінде қабылдауға бейім тұрады және әдетте өздерін шектен тыс тапсырма
берілген адам ретінде сезінеді. Шектен тыс тапсырма берілген адам өзін
жұмысқа кірісуге дайын емес жағдайда сезініп, оны кейінге қалдыра береді.
Ондай оқушыларға тапсырманың нәтижелі орындалуына алып келетін кішігірім
қадамдарға бөлуге жәрдемдесу керек.
Достарыңызбен бөлісу: