Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша Әдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата25.09.2024
өлшемі415,67 Kb.
#145617
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1 Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

 
 


29 
Қорытынды 
Қорыта айтқанда, білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру, яғни
оқушыда өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі 
болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе мектепте білім 
алушыларда оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, 
ол осы оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, 
басты және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім білім 
алушыларды өздерінің мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске 
асыруға үйретуі тиіс. 
Мақсат қою — бұл білім алушының ерекше мінез-құлқының сипаттамасы 
білім алушы өмірде белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ 
мақсаттар бір-біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны 
бойынша ажыратылады, білім алушы өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге 
асыруы мүмкін, бірақ осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы 
түсінігімізбен сәйкес келмеуі де мүмкін. 
Білім алушының әлеуметтік оқу мотивтерін арттыру үшін ұжымдық және 
топтық жұмыстарға білім алушылардың бірлескен қызметтерінің болуының 
маңызы зор: бірлескен жұмыстың жалпы мақсатын жасау (тапсырманы орындау) 
және оның варианттарын топ мүшелерімен талқылау, осы жалпы жұмыстарды 
орындау әдістерін іздестіру, шешу әдістерінің бірнеше варианттарын салыстыру, 
бірлескен жұмыстарда өзіндік және өзара бақылау жолдарын анықтау, топ 
мүшелері ұсынған осы бақылаудың түрлі әдістерін салыстыру, ұжымдық 
қызметке мотивация — топтық жұмыстарды орындауға ұмтылу, топтың өзге 
мүшелерінен жақсы баға алуға талпынуы болып табылады. 
Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруы – мектеп оқушыларының 
өзі жетекшілік ететін, оны өзі қойған тапсырмаларға, мотивтерге, мақсатына сай 
іске асыратын танымдық тұрғыда еңбек етуі арқылы жүзеге асады. Оқу 
мотивациясын арттыру түрлі деңгейлерден тұрады: ол мектеп оқытуына 
«ұштастыру», өзін-өзі ынталандырудың жеке кезеңді формаларының түрінде 
және ең соңында, мектеп оқушысының өзін-өзі ынталандыру және өздігінен 
білім әрекетінде ерекше өріс алған еңбегіне бағытталуы ықтимал. Бұл 
дәрежелердің барлығы да мұғалімнің жетекшілігін қажет етеді. 
Оқу іс-әрекеті – бұл ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды 
тәсілдерін игеруді қамтитын, бағытталған іс-әрекет. Әсіресе жұмыстың жаңа 
тәсілдерін меңгеру оқушының бойында өзгеріс туғызады, ақыл-ой дамуында 
жаңа ерекшеліктерінің пайда болуына әкеледі, оның тұлғасының жаңа 
сапаларын толықтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет