Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша Әдістемелік ұсынымдар


Түрткі – мотивация – мотивациялық аясы



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата25.09.2024
өлшемі415,67 Kb.
#145617
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
1 Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

Түрткі – мотивация – мотивациялық аясы.
Мотивация белсенділік 
бастауы ретінде және кез-келген іс-әрекеттің түрткілер жүйесі ретінде түсініле 
отырып, түрлі аспектілерде зерттеледі, осыған байланысты оны әр автор түрліше 
түсіндіреді. Зерттеушілер оны бір нақты түрткі ретінде де, түрткілердің тұтас 
жүйесі ретінде де, және де қажеттіліктерді, түрткілерді, мақсаттарды, 
қызығушылықтарды және олардың күрделі шырмалануы мен өзара әрекеттесуін 
қамтитын ерекше аясы ретінде де қарастырады. 
Түрткіні түсіндіру бұл түсінікті не қажеттілікпен, не осы қажеттілікті 
бастан кешіру және оның қанағаттануымен, не қажеттілік затымен теңестіріледі. 
Түрткіні «затталған қажеттілік» ретінде түсіну А.Н. Леонтьев бойынша, оны іс-
әрекеттің өзінің құрылымына енетін ішкі түрткі ретінде анықтауға мүмкіндік 
береді. Әдетте, ғылыми еңбектерде мотивацияның екі түрі көрсетіледі: ішкі және 
сыртқы. 
Сыртқы мотивация сыртқы факторлардың, басқа адамдардың немесе 
белгілі бір оқиғалардың әсерінен болады. Оған мысал ретінде оқытушының 
қатаң талабын, оқушыны берілген тапсырманы орындауға мәжбүрлеуін немесе 
керісінше берілген тапсырманы орындаған оқушыға жоғары баға алуға қосымша 
мүмкіндіктер беруін жатқызуға болады. Өкінішке орай, мотивацияның бұл түрі 
тапсырма орындауға мәжбүрлеген тиісті фактордың босаңсуына немесе 


13 
аяқталуына байланысты тез тоқтайды. Сондай-ақ, мотивацияның бұл түрі жиі 
қолайсыздық туғызып, әртүрлі психологиялық жайсыздыққа соқтыруы мүмкін. 
Ішкі мотивация – бұл адамда өзінің ойы, ақылы, ынтасы, қажеттілігі, 
эмоционалдық әсеріленуі арқылы пайда болатын мотивация. Онда белгілі бір 
әрекетті аяқтауға (мысалы сабақ оқу) және нақты нәтижелерге қол жеткізуге 
деген ішкі саналы қажеттілік туындайды. Бұл мотивация көңіл-күйді көтеретін 
жағымды жаймен өрнектеледі, алайда оны (мотивацияны) табу өте қиын, ал оны 
ұзақ уақыт бойы ұстап тұру одан да қиын. 
«Түрткі» түсінігі енді «мотивация» түсінігі, ол «іс-әрекеттің нақты 
формаларының пайда болуын, бағытын және де іске асырылу тәсілін 
анықтайтын тұлғаның өз мінез-құлығының ішкі және сыртқы факторларын 
байланыстыруының күрделі механизмі ретінде болады». 
Ең кең болып табылатын, тұлғаның аффективтік, еріктік аяларын да, 
қажеттіліктің қанағатталуын бастан кешіруді де қамтитын мотивациялық аясы 
түсінігі. Жалпы психологиялық контексте мотивация күрделі бірлестікті, 
субъектке қажеттіліктер, қызығушылықтар, құмарлықтар, мақсаттар, мұраттар 
түрінде көрінетін және де тікелей адамзат іс-әрекетін детерминациялаушы мінез-
құлықтың қозғаушы күштерінің бірлігін білдіреді. Сөздің кең мағынасында, 
мотивациялық аясы немесе мотивация осы көзқарас тұрғысынан, тұлға өзегі 
ретінде түсініліп, оған бағыттылық, құндылық бағдар, ұстанымдар, әлеуметтік 
күтімдер, тартылыс, эмоциялар, еріктік сапалар сияқты және тағы басқа 
әлеуметтік-психологиялық мінездемелер топталынады. Осылайша, әртүрлі 
тұрғыдан қарастырылғанға қарамастан мотивацияны көптеген авторлар адамның 
іс-әрекеті мен мінез-құлқын детерминациялаушы психологиялық әртекті 
факторлардың жүйесі, жиынтығы ретінде түсінеді деп бекітуімізге болады. 
Мотивациялаудың бірнеше ережелерін келтіруге болады: 
Оқушыларды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз. 
Сындарлы түрде сынаңыз. 
Өз оқушыларыңыздың дамуына көмектесіңіз. 
Зорлап ынталандыру тиімсіз болуы мүмкін. 
Оқушыларды маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз. 
Нақты 
және 
орындалатындай 
мақсаттарды 
белгілеңіз. 
Сабақтарда әр түрлі тәсілдерді қолданыңыз. 
Еркіндік ұстауына мүмкіншілік туғызыңыз. 
Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз! 
Жағымды мотивацияның қалыптасуы. 
Оқу мотивациясы проблемасын зерттеуде оқушылардың ақыл-ойы 
дамуының деңгейі мен олардың мотивациялық саласының мотивацияларының 
қалыптасуы, дамуы арасындағы байланыс атап өтіледі. Бұл «ақыл-ой дамуының 
жоғарғы бастапқы деңгейі, бір жағынан, бала мотивациясының бастапқы 
деңгейінің жүзеге асуының аса маңызды шарты болса, келесі жағынан – оқу іс-
әрекеті процесінде жағымды мотивацияның қалыптасуының шарты болып 
табылады» деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл жерде ақыл-ой дамуының 
жоғарғы деңгейі мен қалыптасып келе жатқан жағымды мотивациялық 
беталыстар арасында тікелей байланыс орнатылады, және керісінше. Сонымен 


14 
бірге, оқу іс-әрекетінің алғышарты болып табылатын мотивация мен жоғары 
және орташа мотивациялы балаларды оқытудың табыстылығы арасында 
тәуелдік айқындалды. 
Мектеп оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың 
оған деген қатынасының сипаты маңызды. А.К.Маркова қатынастардың үш 
түрін анықтай отырып-теріс, бейтарап және жағымды қатынастар, оқушының 
оқу үрдісіне араласуы негізінде соңғы қатынастың нақты саралап жіктелінуін 
келтіреді. Бұл мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды. 
Сондықтан да оқуға деген жағымды қатынасты төмендегідей бөледі: а) 
жағымды, айқын емес, белсенді, мектеп оқушысының оқуға кірісуге 
дайындығын білдіретін; б) жағымды, белсенді, танымдық, в) оқушының қарым-
қатынас субъекті ретінде, тұлға және қоғам мүшесі ретінде араласуын білдіретін 
жағымды, белсенді, тұлғалық-әуестік; басқаша айтқанда, оқу іс-әрекеті 
субъектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп 
компонентті емес, сондай-ақ әр текті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның 
қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте қиын 
екеніне көз жеткізеді. 
Жалпы психологиялық анықтауда қызығушылық-бұл танымдық 
қажеттіліктерді эмоционалдық бастан кешіру. Оны оқу мотивациясының 
компоненттерінің бірі ретінде сипаттай отырып, күнделікті, тұрмыстық, тіпті 
кейде кәсіби педагогикалық қарым-қатынаста «қызығушылық» термині жиі оқу 
мотивациясының синонимі ретінде пайдаланылатынына назар аудару қажет. Бұл 
туралы «оның оқуға деген қызығушылығы жоқ», «танымдық қызығушылықты 
дамыту қажет» деген сияқты айтулар куә болады. Түсініктердің мұндай ығысуы 
біріншіден, оқу теориясында дәл қызығушылық мотивация аясында бірінші 
зерттеу объекті болуымен байланысты (И. Гербарт). Екіншіден, ол 
қызығушылық өз бетінше - күрделі бір текті емес құбылыс болуымен 
түсіндіріледі. Қызығушылық «салдар ретінде, мотивациялық саланың күрделі 
үрдістерінің интегралдық көрінісі ретінде анықталады» және де бұл жерде 
қызығушылық және оқуға қатынас түрлерінің сараптап жіктелінуі маңызды. А.К. 
Маркова бойынша оқуға қызығушылық кең, жоспарланған, нәтижелі, 
процессуалды-танымдық және оны түрлендіруші болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет