Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.
Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.
Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.
Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.
Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.
Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.
Құрал-жабдықтар:дәрігер тағайындаған дәрілер, сүлгі, ақ жайма.
Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
Дайындау ережесін бұзыуының.
Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.
Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.
8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.
Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.
Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.
Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.
УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):
науқастың дайындағы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;
2-3 сағат зерттеуге үшін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз;
зерттеуге дейін науқас кіші дәретке (толық қуықы) отырмауын сұраңыз.