Ерлердегі зәр шығару каналының,әйелдердегі уретра және жатыр мойнының қабынуы ірің бөлінуімен жүред Этиологиясы. Гонорея қоздырғышы гонококк грамтеріс боб формалы диплококк.Өлшемі ұзындығы 1,25-1,6мкм



Дата20.04.2023
өлшемі50 Kb.
#84875

ГОНОРИЯ

Ерлердегі зәр шығару каналының,әйелдердегі уретра және жатыр мойнының қабынуы ірің бөлінуімен жүред Этиологиясы.Гонорея қоздырғышы – гонококк – грамтеріс боб формалы диплококк.Өлшемі ұзындығы - 1,25-1,6мкм; ені - 0,7 - 0,9мкм.Гонококк барлық анилинді бояулармен боялады.Жедел бөліністі процестерде боялған жағындыларда гонококктардың көбі лейкоцит ішінде орналасқанын көруге болады.Ал аурудың созылмалы кезеңінде бөлініс қоюланып, гонококктар сирек кездеседі.Электронды микроскопта гонококктар беті төмпешікті шартәрізді болады.Ультражұқа кесінділерде гононкокктарда клетка қабырғасын, цитоплазмалық мембрананы,көп рибосомалы цитоплазманы,мезосоманы,ДНК жіпшелі нуклеоидті анықтауға болады.Олар генетикалық құрылымды береді және антибиотиктерге төзімділікті жоғарылатады. Электронды микроскоппен көрінетін капсулатәрізді субстанция қоздырғыштың қолайсыз жағдайда адаптациясын қамтамасыз етеді және науқас организміндегі персистенциясын арттырады. Цитоплазмалық мембрана клетка метоболизміне қатысады. Қолайсыз жағдайда сыртқы клетка қабырғасының жоғалуынан гонококктың L-трансформациясы болады.Гонококктар адам белогы қосылған жасанды ортада 37 C температурада өседі.Гонококктардың жеке штамдары олардың пеницилинге төзімділігін арттыратын пеницилиназа өндіреді. Эпидемиологиясы.Гонококк адам паразиті болып табылады.Адам организмінен тыс тез өледі.Олар антисептикалық препараттарға,56 C жоғары қайнату,тікелей күн сәулесіне төзімсіз.Төменгі температураға төзімсіз, 18 C төмен тез өледі.Іріңді гонококктарда патологиялық субстрат кепкенше (30 мин-тан 4-5 сағ ) тіршілікке қабілеттілік және патогенділік сақталады.Зақымдану науқас адамнан сау адамға жыныстық жолмен беріледі.Өте сирек жағдайда дәретханадағы заттармен,іш киіммен және кішкентай қыздарға анасынан беріледі. Ерлердің,әйелдердің,балалардың зәр-жыныс органдарының,тік ішектің, мұрын, жұтқыншақ, ауыз, конъюктиваның шырышты қабатының қабылдауның жоғарлауы олардың биохимиялық,гормоналді, иммунды және анатомо – физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.Сонымен қатар гонококк цилиндрлі эпителиймен жабылған шырышты қабықтардызақымдайды. Иммунитет. Гонококкты инфекцияда гуморалді және клеткалық реакция дамиды.Бірақ реинфекцияның алдын-алатын қорғаныс иммунитеті түзілмейді.Қан сарысуынан табылатын гонококкқа қарсы антидене иммуноглобиннің әр класына жатады (IgG,IgM, IgA). Гонореямен ауратындардың көбінде қайталанған.Ол қан сарысуындағы спецификалық антиденелердің жоғарғы титріне және лимфоциттердің гонококктарға сенсибилизациясына байланысты.Гонококктың организмінде сақталуынан суперинфекция дамуы мүмкін.Салыстырмалы гомологиялық штамды қабылдамауы “жанұялық гонореяда”анықталады.Өздерінің тұрақты тасымалдаушыларында гонококктар көрінетін қабыну реакцияларын шақырмайды.Басқа бөтен қоздырғыштың суперинфекциясында жедел гонореяның клиникасы көрінуімен жүреді.


ЕРЛЕР ГОНОРЕЯСЫ
Ерлерде гонококктың кіру қақпасы болып зәр шығару каналы табылады.Алғашқы 2 сағатта гонококктар еңген жерінде тұрады.Уретраның алдыңғы бөлігінің шырышты қабатында гонококктар тез көбееді.Гонококктар оның бетінде және дәнекер қабатының клеткалық эпителиіне, уретралді бездерге және лакунаға енеді.Біртіндеп олар артқы уретраға өтеді.Бұл жағдайда ұрық көпіршіктері,қуық асты безі,аталық безі қосалқылары зақымдануы мүмкін. Гонореяның инкубациялық кезеңі 3 – 5 күн
Клиникалық ағымы бойынша ерлерде гонореяның үш формасын ажыратады:1)жаңа:жедел,жеделасты, торпидті 2)созылмалы 3)латентті.
Зәр шығару органдарының гонореясы барлық формалары әртүрлі жергілікті және жеке асқынулар шақыруы мүмкін.
Іріңді уретрит.Уретрадан қабыну экссудатпен және әртүрлі дәрежедегі ауырсынулармен сипатталады.Жедел қабыну кезінде гиперемия және уретраның сыртқы қабынуы көрінеді.Уретра тесігінен көп мөлшерде сары жасыл не ақшыл сары ірің бөлінеді.Қабыну белгілері тез өседі, ал 1-2 күнде алдыңғы жедел гонококкты уретрит дамиды. Науқастарда зәршығару да ауырсыну болады.Жеделасты алдыңғы жаңа гонококкты уретрада шырышты іріңді бөлініс,уретраның сыртқы ерін тесігінің қабынуы әлсіз көрінген ,ал субъективті сезімдері аздаған.Ал процестің торпидті кезеңінде субъективті сезімдер жоқ,бөлініс аз.Сыртқы уретра тесігі өзгеріссіз.Бұл кезде науқас медициналық көмекке шағымданбайды.
Одан кейін гонореяда емделусіз қабыну реакциясының дәрежесі төмендейді,субъективті бұзылыс төмендейді, уретрит жеделасты ,одан кейін созылмалы кезеңге ауысады.Егер гонококктар алдыңғы уретрадан артқы уретраға тасымалданса жедел тотальді уретрит дамиды.
Алдынғы уретрит симптомына артқы уретрит симптомы қосылады(уретроцистит).Зәр шығару қиындауына шағымы жиілейді,соңында бірден ауырсыну дамиды (терминалді).Зәр аз мөлшерде болады.Кезең соңында зәрде қан тамшылары болуы мүмкін (терминалді гематурия).
Диагноз.Жедел гонококкты уретрит диагностикасы қиындық тудырмайды.Ол анамнезге,аурудың клиникалық типті көрінісіне екістаканды сынама және лабороториялық жағдайда гонококк анықталуымен қойылады.Егер қабыну процесі алдыңғы уретраның шырышты қабатымен шектелсе онда екі стаканды сынама жүргізеді,1-стаканда зәр,уретрадан іріңді жуу,лайланған,ал 2-стаканда зәр тұнық.Ал тотальді уретритте екі стакандағы зәр лайланған.
Созылмалы гонококкты қалады жаңа гонореялық уретриттің әртүрлі формаларының тасымалдануы нәтижесінде дамиды.Ол айқын ошақты зақымдану шырышты қабаттардың жеке бөліктерінің зақымданумен,лакуна және бездің зақымданумен сипатталады. Қабыну процестері тек бөлініс пайда болғанда көрінеді.Бөлініс аз,шырышты іріңді.Созылмалы артқы уретрада зақымдануда ауырсынулы эякуляция жиі зәр шығару және ауырсыну байқалады.Жыныс ағзаларының функциясының бұзылуы байқалады:либидо төмендейді,эрекцияның әлсіреуі.уақытынан бұрынғы эякуляция дамиды.Таңертең уретра ернінің жабысуы,бөліністің көбеюі гонореяның объективті симптомы болып табылады.
Диагноз.Созылмалы уретрит диагностикасында шешуші болып бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу табылады.
Асқынуы. Жедел гонореялық уретрит баланит, баланопостит, қабынбалы фимозбен асқынуы мүмкін. Сирек жағдайда тизонит (жыныс мүшесі шеткі безінің абсцесі) жыныс мүшелерінің шеткі ілмегінің ісінуі эритематозды асқынулы көрінісі.Парауретральді каналдардың қабынуы уретра еріндері тесігінде гиперергиялы және жеңіл нүкте түрінде көрінеді.Уретрадағы альвеолярлы – түтікті шырышты бездері зәр шығару каналдары және лакунасы үнемі гонококкпен зақымданады.Литтреиттің болуы зәрдің 1-порциясында үтір түріндегі іріңді жіпшелер көрінеді. Бульбоуретралді без шығарушы өзектердің гонококктармен инфицирленуі –куперит – науқаста байқалмайды.Тек абсцестену кезінде ғана пульсті ауырсыну байқалады.Дефекация кезінде ауырсыну және зәр шығару жиілейді.Дене температурасы 38С және оданда жоғары болады.Уретра құрылысы тұрақты түрде тарылады.Гонококкты стриктуралар созылмалы гонококкты уретриттің соңы болып табылады.Стриктуралар жалғыз және көп болады,ұзындығы 0,50-1,5 см. Стриктураның ең алғашқы белгісі қуықтың баяу босатылуы болып табылады.
Гонококкта эпидидимит гонококктың аталық безі қосалқыларына уретраның қуық асты бөлігінен ұрық шығарушы өзек арқылы не оны айналу арқылы не лимфа түйіндері арқылы ену нәтижесінде дамиды.Шап аймағында және аталық безі қосалқысында ауырсыну дамиды.Ал аталық безі ауырсынусыз қалады.Науқастарда дене температурасы жоғары,қалшылдау,бас ауруы,әлсіздік байқалады.Ұма терісі қатайған,гиперемияланған.Аталық без қосалқылары үлкейген,аталық безі тығыз және ауырсыну болады.Жедел эпидидимитпен бірге жеделасты және созылмалы формасы байқалады.Ол кезде ауырсыну сезімі айқын емес,терінің ісінуі және гиперемиясы жоқ,дене температурасы қалыпты,науқас жағдайы қалыпты.
Аталық безінің гонококкты зақымдануы қабынудың аталықтан қосалқыға берілуінен болады.Жиі қабыну процесі аталық безі қабында эксудат жиналуынан жедел периорхит түзілуімен жүреді.Бұндай жағдайда ұманың жартысында флюктуирлеуші түзілістер пальпацияланады,ал аталық без қосалқылары пальпацияланбайды.
Қуықасты безінің гонококкты зақымдануы жедел және созылмалы түрде болуы мүмкін.Сипаты және зақымдалу дәрежесіне байланысты катаральді,фолликулярлы және паренхиматозды түрлерін ажыратады.Простатит ұрық көпіршіктерінің қабынуы – везикулитпен бірігеді.Егер қабыну процесі шығару түтікшелерімен ғана шектелсе катаральді простатит түзіледі және субъективті бұзылыстар болмайды,ауру симптомсыз түрде өтеді.
Зақымданудың бездің бөліктеріне таралуы фолликулярлы простатитке тән.Бұл жағдайда ауру симптомы айқын көрінеді.Науқастарда қалтырау және дірілдеу болады.Бездің қалыпты ткандерінің ішінде фолликулярлы тығызданулар пальпацияланады.Жедел паренхиматозды простатит жалпы бұзылыстар, дене температурасының жоғарлауы,диурездік бұзылыстармен өтеді.Ректальді зерттеу кезінде простата диффузды үлкейген,ауырсынулы, тығыздалған.Іріңді инфильтраттың таралуынан простат абсцесі дамиды.Бұл жағдайда патологиялық процесс күшееді.Созылмалы простатит зәршығару каналынан бөліністің қиындауымен,қышу және күйдірумен өтеді.Қуықасты безінен зәр шығарғаннан кейін және дефекацияда жиі секрет бөлінеді.Зәр- жыныс аппаратының әртүрлі функциональді бұзылыстары байқалады,эрекцияның әлсіреуі,либидо төмендеуі,уақытынан бұрынғы эякуляция. Қабынған қуықасты безінің секретінде лейкоцит жоғарылайды,липидті дәндердің санының төмендеуі,секреттің кристализация феномені бұзылады.Гонококктар сирек бактериоскопиялықәдіспен жиі бактериологиялық әдіспен зерттеледі.Гонореялық процестің кез келегн түрінде қанда өзгерістер болады: анемия, лейкопения не лейкоцитоз,эозинофилия, нейтрофилез және моноцитоз.Аурудың жедел ағымында ЭТЖ жоғарылайды.
БАЛАЛАР ГОНОРЕЯСЫ
Ересектер арасында гонореяның жоғарылауынан балалар арасындағы гонореяда жиілеуде.Гонореямен ұл балаларда, қыз балаларда ауруы мүмкін.Ұл балаларға қарағанда гонорея қыз балаларда 10-15 есе жиі кездеседі.Балалардағы гонококкты процестерге жағдай жасайтын фактор жыныс органдарындағы морфофункциональді физиологиялық қолайлы жағдайы.Жиі 5-12 жас аралығындағы балалар аурады.Жас нәрестелер туылғаннан анасынан қарым қатынас арқылы инфицирленеді.Сонымен қатар нәрестеге күтім жасайтын қызметкер ауруханаішілік зақымдану тудыруы мүмкін.Гонорея ересек науқас адамның баламен қарым - қатынасынан жұғады.Қыз балалардағы гонококкпен зақымдану олардың жасына,иммунитетке және гормональді жағдайына байланысты.Нәрестелердегі гонококкпен зақымдану анасының иммунитетіне және эстрогенді гормондарына байланысты. 2-3 жаста анасының пассивті иммунитеті қорғаныс антигені азаяды,қаныққан эстрогендері мөлшері төмендейді.Бұл кезеңде сыртқы жыныс ағзаларының және қынаптың шырышты қабығының өзгеруі жүреді.Цилиндрлі эпителий клеткасында гликоген құрамы өзгереді,диастаза,қынапта қышқылды не нейтральді реакция жүреді,дедерлейн таяқшалары жоғалады,патологиялық микробты флора белсендіріледі.Сондықтан 2-3 жастан 10-12 жас аралығында балалар көптеген инфекциялық аурулармен және гонореямен жыныстық жолмен емес зақымданады.Келер жылдары эндокринді бездердің функциясының белсендірілуінен эпителий клеткаларындағы гликоген мөлшері жоғарылайды,рН қышқылды реакция жүреді, патогенді флораны анықтайтын Дедерлейн таяқшаларының популяциясы қалыптасады.
Клиникалық көрінісі. Гонококкпен байланысқаннан кейін шырышты қабаттардың зақымдануы аз жүреді, ал ауру субъективті және объективті белгісі инкубациялық кезеңнен кейін басталады(1-2 күннен 2-3 аптаға дейін ). Ағымы бойынша жаңа гонорея ауру ұзақтығы екі айға дейін,созылмалы екі айдан артық және латентті.Жаңа гонорея жедел,жеделасты және торпидті болып бөлінеді.Жаңа жедел гонорея қыз балаларда қышу, ауырсыну және күйдіру , дене температурасының жоғарылауымен, диурездік белгілермен көрінеді.Процеске кіші жыныс еріндері,қынаптың кіреберісіндегі шырышты қабықша,қынаптың өзі,уретра және тік ішектің төменгі бөлігі қатысады.Зақымдану ошаңында ісіну,шырышты қабаттың гиперемиясы және шырышты іріңді бөлініс байқалады.Сыртқы жыныс ағзаларының шырышты қабықтары тырналған және эрозияланған болады.Тері күтілмесе зақымдану аймағы іріңді бөлініспен зақымданады,тырналады және қабынады.Белсендірілген қабыну процесі нәтижесінде шап лимфа бездерінің үлкеюі,уретраның сыртқы тесігі және қынап кіреберісінде полипозды өсінділер болуы мүмкін.Процесс жатыр мойнының қынапты бөлігіне және жатыр мойны каналының шырышты қабықшасына таралуы мүмкін. Уретра процеске жиі қатысады,оның алдыңғы және ортаңғы бөлігі зақымданады.Сыртқы тесігі кеңейген уретра еріні ісінген,гиперемияланған.Уретраның төменгі қабырғасын басқанда іріңді бөлініс шығады.
Жедел гонорея ересек қыздарда кіреберіс үлкен бездің шығару өзектерінің қабынуымен асқынуы мүмкін.Шығару өзектері аймағында қабынған қызыл нүктелер – macula gonorrhoicae – айқын көрінген.Жедел асты формасында қабыну процесі айқынырақ көрінеді.Қынап кіреберісі шырышты қабықтарында ісікті гиперемия,уретра,үлкен және кіші жыныс еріндерінде аздаған серозды іріңді бөліністер болады.Вагиноскопияда қынап қабырғасында гиперемияның инфильтрацияның шектелген аймағы,ал қынап қатпарларында аз көлемді шырыш анықталады.
Жатыр мойны аймағында айқын емес ісіну және гиепремияланған эрозия байқалады.Жатыр мойны өзегінен ірің бөлінеді.
Қыздардағы созылмалы гонорея торпидті кезеңде және уақытында емделмегенде көрініс береді.Кейде созылмалы гонорея диспансерлік тексерілуде ата анасының бала киімінде дақтан соң қойылады.Бұндай қыздарда қыздық қатпардың еріннің артқы спайкасының шырышты қабатының ісінуі және гиперемиясы байқалады. Вагиноскопияда қынаптың үштен бір бөлігі зақымданады, әсіресе дән тәрізді гиперемиялаған артқы бөлігінің шырышты қабаты.Уретра 100% зақымдалады,қабыну симптомы әлсіз,диурездік өзгерістер білінбейді.Созылмалы гонореялық проктит барлық адамдарда кездеседі.Аурудың негізгі симптомы эрозияланған сфинктердің шырышты қабығының жеңіл қызаруы,шапаралық терісінің торлы тамырларының кеңеюі.Ректоскопияда қатпарлар арасындағы гиперемия,ісік,іріңді жиналулар байқауға болады.Парауретральді жолдың және кіреберіс үлкен бездің зақымдануы жаңа гонореяға қарағанда созылмалы гонореяда жиі кездеседі,ал симптоматикасы тез жойылады.Кіреберіс үлкен без шығарушы өзектерінде нүктелі гиперемия байқалады.Қыздардың етеккір циклі кезінде іштің жамбас бөлігі аймағында және аналық без қосалқыларының зақымдануымен жүретін өрлемелі гонорея дамуы мүмкін.Ауру жедел түрде қалтырау,дене температурасының жоғарлауы,құсу,іштің ауырсынуымен басқада перитонит белгілерімен өтеді.Өрлемелі гонококкты процесте қыздарда жатырдың және зәржыныс ішастарында ауырсынумен жүретін “қатерлі емес гонококкты сепсис ” дамуы мүмкін.
Диагноз.Гонорея диагностикасында лабороториялық зерттеу негізгі болып табылады.Этиологиялық диагностикасында бактериоскопиялық(Грам бойынша және міндетті түрде метилен көгімен боялатын анықтау) және бактериологиялық әдіс (арнайы қорек ортаға себу жсау арқылы) анықталады.Бактериоскопияла препаратта гонококк табылса,онда культуральді зерттеу жүргізілмейді.Топикалық диагностика екістаканды сынама арқылы қабыну процестің уретрадағы орнын дәл анықтайды.Нақты топикалық диагностика уретроскопия көмегімен жүргізіледі,бірақ бұл әдісті созылмалы гонореямен ауратын науқастарға ғана қолданады,себебі жедел процесте процедура зәржыныс жүйесінің жоғарғы бөлігіне инфекция таралуы мүмкін.
Дифференциальді диагностикасы гонореялы уретритті басқа этиологиялы уретритпен (вирусты,ашытқы тәрізді және басқа саңырауқұлақтармен,әртүрлі кокктар, трихоминада,хламидия,микоплазма және басқа ) уретритпен клиникалық көрінісі ұқсас болғандықтан тек бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу нәтижесі бойынша ғана жүргізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет