Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, тамызғыш, мақта шариктері және турундалары, дәрілік ерітінділер (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, қайнатуға арналған ыдыс, су моншасы, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.
Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.
Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.
Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.
Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енгізбеңіз.
Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.
Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.
Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Пайдаланған турундаларды,ҚЖКЖК -ға, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.