Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: тері аурулары.
Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілік май, залалсыздандырылған қалақ немесе шпатель, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.
Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).
Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері : дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсеткіштері:терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Құрал-жабдықтар: май, сабын, су, сүлгі, дәке шариктері немесе мақта
тампондары, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;
егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;
науқасты қолын майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.