Қарсы көрсеткіштері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Құрал-жабдықтар: резеңке жылытқыш (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгі (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ветош (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрі.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рұқсатын алыңыз.
Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.
Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.
Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне малынған ветошпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.
Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.
Мұзды мұйықты қолдану