Қарсы көрсеткіштері :тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары:желке аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, жүрек аймағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аймағы
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Құрал-жабдықтар:қыша қағаздары, жылы суы бар (t-40-450С) лоток, сүлгі, көрпе, салфетка, жылы жаялық, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).
Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).
Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.