Мақсаты: қан тамырларынтарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Көрсеткіштері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсеткіштері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: дене бөлігінің үсуі.
Құрал-жабдықтар: мұзды мұйық, мұз кесектері, сүлгі (жаялық), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ветош, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
Зарарсыздандыратын ерітіндісіне ветошті малғып мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.
Қыша қағаздарын қою
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
Көрсеткіштері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.