Білім алушыныѕ ґзіндік жўмысы


-тақырып. Талантты және дарынды балаларды оқыту



бет32/62
Дата18.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#124646
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
7-тақырып. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  1. Талантты және дарынды балаларды анықтайтын сенімділік өлшемдер.

  2. Экстернат

Барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларға білім мен тәрбие беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Ал талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу үшін жасалатын жұмыс мұқият ойластыруды, талқылауды, жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 72 бет).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Ғалымдардың жүргізген көп жылдық тәжірибесіне сүйенсек, талантты және дарынды балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш сыныпта «жалпымектептік саясатты», орта буынға келген кезде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған кезде анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады екен. Жалпы талант пен дарын бала бойынан өте ерте жастан байқалатын көрінеді. Сондықтан, бұл ретте бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерінің мойнына жүктелер жүк жеңіл еместігі белгілі. Осы бағытта еңбектеніп жүрген ғалымдардың еңбектерінде: талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып, бастауыш сынып мұғалімдері өздерін«дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс деп атап көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет