Білім алушыныѕ ґзіндік жўмысы



бет61/62
Дата18.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#124646
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Глоссарий

1.
2. Дидактика – (грек тілінде оқытамын) педагогикалық білім беру және оқыту теориясы. Дидактика педагогика ғылымының бір саласы болып қалыптасады. Педагогиканың бұл саласынан алғашқы еңбек чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактикасы».


3.

8. Сынып – сабақтық жүйе біркелкі жастағы оқушылар тобынан, қатаң белгіленген уақытта дәріс өткізу.

9. Сабақ – оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі. Мұғалім тұрақты белгіленген уақытта оқушылардың тұрақты құрамымен оларға тиісті білімдерді игеруіне жағдайлар жасайды және тиімді іс - әрекеттерді ұйымдастырады және сабақтың тәрбиелік, ақыл – ойды дамытушылық қызметтерін жүзеге асырады.


10. Факультатив сабақтар – оқу пәндерін оқушылардың өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына бағытталып, шәкірттердің ғылыми – теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.


11. Жақын даму айғағы – бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығымен не ақылдылау достарының көмегімен шеше алады.


12. Модульді оқу технологиясы – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше жетеді. (П.Ю. Цявичене, Т.И.Шамова).


13. Қашықтықтан оқыту технологиясы – осы кездегі теледидар, электронды почта, интернет жүйесі арқылы оқу орындарына қатыспай – ақ білімдену қызметтерін пайдалану.


14. Оқыту процесі – білімді, біліктілікті, дағдыларды меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын іс - әрекет барысы.


15. Дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін педагогиканың саласы.


16. Күнтізбелік жоспар – мектептегі оқу материалын әрбір жарты жыл бойынша жоспарланып, тоқсандар ішінде өтілуге тиісті тақырыптар енгізіледі.


17. Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.


18. Заңдылық – құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс.


19. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан – жақты дамыту, ақыл – ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін мектепте оқытылатын білім мен біліктіліктер жүйесі.


20. Гуманизм – адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас.


21. Эвристикалық әңгіме – сұрақ – жауап түріндегі оқыту әдісі. Бұл әңгіме білім беру тәсілі ғана емес, сонымен бірге оқушының ойын дамытудың, оқу еңбегінде белсенділігін арттырудың тиімді құралы.


22. Феномен – (көрініс, құбылыс) – айрықша үздік деген мағынада қолданылады.


23. Таным теориясы (гноссология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттарын, мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін, болжамдары мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.


24. Субъект (латынша - бастауыш) – заттық тәжірибелік іс - әрекет пен білім иесі, индивид немесе әлеуметтік топ, объектіні өзгертудегі белсенділіктің көзі.

25. Программалап оқыту – оқу процесін белгілі бір оқыту бағдарламасы бойынша ұйымдастыру.


26. Білім стандарты латын сөзінен алғанда «үлгі», «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Білім стандарты білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, әрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізі талаптарының жиынтығы.


27. Педагогикалық диагностика – педагогтің оқу процесіне өзгерістер енгізуі, яғни оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалануы, оқытуды ұйымдастырудың инновациялық түрлерін ойластыру.


28. «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» (М.В.Кларин);


«Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс – тәсілдердің құрамды бөлігі».

29. Лекция – латын сөзі – оқу деген мағынаны білдіреді. Алғашқы лекциялар ежелгі Грекияда пайда болды. Орыс тілінде алғашқы лекцияларды Ресей университетінде М.В.Ломоносов оқыған.


30. Педагогикалық мониторинг – зерттеу жұмысының нәтижелерін берілген көрсеткішпен салыстыру бойынша ұзақ және жүйелі түрде ғылыми жағынан негіздеу.


31. Әдіс – methodos – белгілі бір мақсатты көздеу, оны іске асыру үшін жасалған әрекет ету тәсілі.


32. Дәріс (лекция) – «lectuo» - латын сөзі, оқу, оқимын деген мағынаны білдіреді.


33. Дебат – сөз таластыру, екі немесе бірнеше адамдардың мәселе талқылап, өз пікірлерін дәлелдеу, дерек, ғылыми ой – пікір, көзқарас ұстанымы негізінде дәлелдеуі.


34. Диспут – латын сөзі «disputap» - ой бөлісу, пікірлесу, айтысу, оқу процесін ұйымдастырудың, білім берудің тиімділігін арттырады, сөз жарыстыру, көкейтесті мәселелерді талқылау.


35. Кредит – «credit» - ағылшынның сенім, мақтау деген ұғымды білдіреді. Бұл студенттің белгілі бір пәннен толық курсты өткендігін куәландырады. Мысалы, Америкада студент бакалавр дәрежесін алу үшін 120-130 кредит алуы керек болса, Қазақстанда – 128 кредит жинайды.

36. Оқыту принциптері – принцип – латын сөзі – басшылыққа алатын идея, негізгі өталап. Дидактикалық принциптер:


көрнекілік;
ғылымилық;
өмірмен байланыстылық;
саналылық пен белсенділік;
жүйелілік және дәйектілік;
оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін ескеру.

37. Система – жүйе, systema – құрамды бөлшектерден тұратын тұтастық.


38. Тұжырымдама – концепция негізгі идеяға топтастырылған зерттеу объектісіне қатысты көзқарастар жүйесі.


39. Цитата – латын тілінен алғанда ciio – келтіремін, шақырамын, баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасынан алынған үзінді.


40. Теория – ізденемін, зерттеймін, белгілі бір құбылысты анықтауға арналған көзқарас, түсінік, идеялар жиынтығы, белгілі бір тәжірибелерді, деректерді түсіндіретін, оларға әсер ететін ғылыми принциптер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет