Тәрбие процесіне кешенді қатынас
|
-тәрбие ісін жан-жақты білім беру ісімен және оған қатынасты барлық сапалары қамтып, қатыстырып жүргізу.
|
66
|
Тәрбиелік жағдаят
|
-оқушылардың оқудағы, оқудан тыс іс-әрекеттерінің көрінісі.
-оқушылардың оқудан тыс әрекеттерінің арнайы ұйымдастырылуын да қамтиды.
|
67
|
Тәрбиелік қарым-қатынас
|
-баланы дамытуға,оның өзін-өзі тәрбиелеуіне,өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым-қатынас;
-адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі, пайдаланылуы.
|
68
|
Тәрбиенің нәтижелілігі
|
-тәрбиелік шараларды ұйымдастырылуы мен атқарылуы арқылы алға қойған мақсаттың орындалуы.
|
69
|
Тәрбиеші
|
-оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.
|
70
|
Тұжырымдама
|
-белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар жүйесі, бір нәрсе туралы негізгі пікір.
|
71
|
Тұлға
|
Дербес әрекет ететін субъект ретінде нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысанасы.
|
72
|
Тұлға статусы
|
-адамның тұлға аралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны мен оның топ мүшелеріне психологиялық ықпалыныңмөлшерін білдіретін ұғым
|
73
|
|