Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
222
7.5 Бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету
Бағдарламаларды әзірлеу – шығармашылық жұмыс. Ол жоға-
ры оқу орындарына
оқытудың инновациялық, бірегей және/не-
месе пәнаралық аспектілерін ұсына отырып, өзінің бәсекелестік
артықшылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бағдарламалар
пәнаралық білім мен тәжірибеге (мысалы инженерлік менед-
жмент, спорттық медицина), қиындық туғызатын оқытуға немесе
соңғы зерттеулер мен жаңа технологияларды біріктіруге тікелей
бағытталуы мүмкін. Олар сондай-ақ оқытудың икемді тәсілдері
мен үлгілерін, білім беру мен оқытудың инновациялық тәсілдерін
(мысалы «төңкерілген оқыту» технологиясы) пайдалана алады
және инклюзивті білім беру тәжірибесін ілгерілете алады. Басқа
да айрықша ерекшеліктеріне халықаралық тағылымдамалардан
өту мен ауылшаруашылық немесе
өнеркәсіп нысандарына бару
кіруі мүмкін.
Қазақстандағы жоғары білім беру секторындағы соңғы
жағдайлар жергілікті университеттердің академиялық және басқа-
рушылық еркіндігін кеңейтті, бұл бәсекеге қабілетті білім беру қы-
зметін дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Достарыңызбен бөлісу: