Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


ЖОО-дағы институт ретіндегі және ішкі ұйым деңгейінде-



Pdf көрінісі
бет11/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

ЖОО-дағы институт ретіндегі және ішкі ұйым деңгейінде-
гі өзгерістер. Бұл өзгерістер ресурстарды (адами, экономикалық 
және т.б.) басқаруды жақсартуға және оларды ішкі демократияны 
жақсарту үшін қайта құрылымдауға бағытталуы керек. Универси-
теттер этикамен, дербестікпен, жауапкершілікпен және алдыңғы 
қатарлы озық болумен сипатталатын тәсіл арқылы оқыту, білім 
беру және зерттеу жүргізу бағытын жалғастыруы керек.
Білімді құрастырудағы өзгерістер. Пәнаралық және транс-
дисциплинарлық тәсілдерді қолдану және білімнің ғылыми емес 
әдістерін зерттеу қажет.
Білім беру моделіндегі өзгерістер. Сыни және шығар-
машылық ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың/білім 
берудің жаңа тәсілдері біріктірілуі қажет. Жоғары оқу орындары 
түлектерінің барлығына ортақ және олардың күтілетін болжал-
дарына сәйкес келетін құзыреттер айқындалуы тиіс. Бүгінгі білім 
беру қоғамында жоғары білім бізді белгілі бір бағытты өзгерте ала-
тын, өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын және бағытты үнемі 
реттеп отыра алатын тұлғаларға айналдыруы қажет. Адамдарды 
өз ойларын өзгертуге мүмкіндігі болатындай, тіпті қажет болған 
жағдайда алдыңғы қабылдаған шешімдерінен ойланбастан, еш 
өкінбестен бас тарта алатындай, орын алған жағдайға тез бейім-
делуге үйрету керек. Білім беру, жалпы оқыту жүйесі белсенді әрі 
нақты өмірмен тығыз байланыста болуы керек және студенттер 
мен олардың ерекше қасиеттеріне бағдарлануы тиіс.
Өзгерістер білімді құрастырып, таратуда ақпараттық 
және коммуникациялық технологиялардың әлеуетін пайдала-
нуға бағытталған. Мұндай өзгерістердің мақсаты – Пренский 
(2009)
13
 цифрлық даналық деп атаған дүниені жасау. 
13
Prensky, M. (2009). H. Sapiens Digital: From Digital Immigrants and Digital Natives to Digital 
Wisdom. Innovate: Journal of Online Education, 5(3)


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет