Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
32
McKinsey зерттеушілері «Skill Shift: автоматтандыру және жұ-
мыс күшінің болашағы» атты зерттеулерінде АҚШ пен Еуропаның
бес елін (Франция, Германия, Италия, Испания және Ұлыбритания)
мысалға ала отырып, адамдардың қандай 25 негізгі жұмыс дағдыла-
рының болашақта сұранысқа ие болатынын бағалады
21
. Е. Корыти-
на атап өткендей, «бес секторға баса назар аударылды: банк ісі және
сақтандыру, энергетика және тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау,
өндіріс орындары және бөлшек сауда. Сарапшылар қызметкердің
белгілі бір икемділікті қанша уақыт пайдаланатынын анықтады
және технологиялық дағдыларға (оның ішінде бағдарламалауға)
сұраныс бәрінен де көп болады, 55%-ға артады деген қорытындыға
келді: қазір бұл дағдылар жұмыс уақытының 11%-ында қолданы-
лады, ал 2030 жылы бұл 17%-ға жетеді. Топпен бірге жұмыс істеу,
басқаларды басқару, келіссөздер жүргізу және жанашырлық көрсету
секілді мәшинеге тән емес әлеуметтік және эмоционалды дағдылар
көбірек бағаланатын болады. Оларды пайдалану орташа есеппен
алғанда жұмыс уақытының 22%-ын құрайды (24%-ға өседі)»
22
.
21
Bughin, J. Hazan, E., Lund, S., Dahlström, P., Wiesinger, A., & Subramaniam, A. Skill Shift:
Automation and the Future of the Workforce. McKinsey&Company.
https://www.mckinsey.com/featured-insights/future-of-work/skill-shift-automation-and-the-
future-of-the-workforce#
22
Корытина, Е. Общество 3.0 и индустрия 4.0. Как будут меняться мир, образование и про-
фессии. Ведомости &.
https://www.vedomosti.ru/partner/articles/2018/09/06/780170-obschestvo-30
Достарыңызбен бөлісу: