Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет9/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

«4.0 Университеті»: болашақ туралы білімді жеткізуші қы-
зметін жүзеге асыратын қоғамдық институт. «4.0 Университеті» 
жоғары технологиялық салаларды дамытудың көшбасшысы болып 
табылады. Сонымен, «4.0 Университеті» өз білімін капиталданды-
ру қызметін барынша тиімді түрде көрсетуге қабілетті.
«1.0 Университетінен» «4.0 Университетіне» қарай жылжыған 
кезде таланттар мен білімнің «қайта жасалу» деңгейі артады: уни-
верситетте қосымша құн бұрынғыдан да көбірек алынады, яғни 
экономикаға «жартылай фабрикаттар»: мамандар мен жалпылама 
білім түрінде берілмейді. Сонымен қатар университеттің мәдениеті 
мен жетістіктері аймақтың жетістіктері мен мәдениетіне әсер етеді.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
16
1.2 Университет білім экономикасының 
субъектісі ретінде
Университет білім беруші ретінде адам капиталын қалыпта-
стырудың негізгі көзі болып табылады. Ол Г.Беккердің пікірінше, 
«адам мен қоғамның жалпы алғанда, алуан түрлі қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін қолданылатын білім, дағды, машықтардың 
жиынтығы»
10
.
Зерттеушілердің көпшілігінің пайымдауынша, ақпараттық 
қоғамды қалыптастыру кезіндегі университет қызметінде туын-
дайтын басты қиындықтардың бірі – университеттің де, жалпы 
алғанда сол саланың өзінің де ақпараттық-коммуникациялық ин-
фрақұрылымының нашар дамуы болып есептеледі, бұл білім беру-
ді басқарудың тиімділігін айтарлықтай төмендетеді.
Атап айталық, цифрлық экономика жағдайында «табиғи ре-
сурстар мен материалдық игіліктердің тапшылығы салдарынан 
пайда алу нормасы кеміген әлемнен мүмкін болатын идеялардың 
шексіздігі және оларды жаңа өнімдер мен трансакциялар өндірісін-
де пайдалану арқылы түсетін пайда нормасын арттыру әлеміне 
көшу керек» (Хоукинс, 2011)
11
.
Цифрлық экономиканы қалыптастыру міндетін шешуге сәйкес 
университеттер 3.0 және 4.0 Университеттеріне көшуі тиіс.
Заманауи университеттер дегеніміз: 
• жаһандық, ашық, қарқынды дамып келе жатқан платфор-
малар;
• ғылыми зерттеушілерден, менеджерлерден және инженер-
лерден тұратын жоба жасайтын топтар шеңберінде қызмет 
түрлерінің конвергенциясы арқылы ымыраға келуді қамта-
масыз етуге арналған ресурстық база;
• бірнеше академиялық мектеп қызметкерлерін біріктіру 
арқылы көп пәндік зерттеу жобаларын қалыптастыру 
мүмкіндігі;
10
М.И. Барабанова, В.В. Трофимов, Е.В. Трофимова (2018). Управление социальным разви-
тием общества и сферой образования. Журнал правовых и экономических исследований, 1, 
178–184. http://giefjournal.ru/sites/default/files/030._6.pdf
11
Хокинс Дж. (2011). Креативная экономика. Как превратить идеи в деньги. М.: Классика-XXI


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
17
• жаңа білім беру салаларында мамандарды, сондай-ақ 
бизнес-қоғамдастықтың талаптарына сай келетін маман-
дықтар бойынша қызметкерлер даярлау әлеуеті.
• талаптар бойынша жеке оқыту.
аудиторияда, аралас немесе онлайн режимдерінде оқыту 
арасында бірінен-біріне баяу ауысу.
Білім беру қоғамындағы университеттердің жаңа рөлі мына-
лардан көрінеді:
• заманауи университеттердің еліміздің инновациялық 
тұрғыдан дамуына қосқан үлесі құрылатын және коммер-
цияландырылатын зияткерлік меншіктің мәні арқылы ай-
қындалады;
• қазіргі заманғы университеттер – жаһандық ресурстарды 
пайдалану, ашықтық, қарқындылық, белсенді жастардың 
тұрақты ағыны есебінен білімді зияткерлік капиталға ай-
налдыру міндетін ең тиімді жолмен шешетін қоғамдық 
институттар;
• университеттер зерттеулер мен әзірлемелерге тапсырыстар 
алып, соларды орындап қана қоймай, өздері де технологи-
ялар мен технологиялық компанияларды белсенді түрде 
құрады;
• университеттер бүгінде жаңа технологиялық салаларды 
құрудың көшбасшысына және орталықтарына айналуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет