Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
219
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Студенттерге арналған бағдарлама жөніндегі нұсқаулықтың
(Programme Handbook) үлгісін жасаңыз. Мұндай нұсқаулықтар студент-
терге бағдарламаға қатысты маңызды ақпарат беруде қажетті құрал
болып табылады. Бағдарламаның құрылымын, оқыту нәтижелерінің
картасын, негізгі және элективті курстарды, сондай-ақ оқытудың
ықтимал бағыттарын; бағалау, оқу барысындағы ілгерілеу мен оқудың
аяқталуын, тағылымдамалар туралы ақпаратты; студенттерге қол-
дау білдіру және тәлімгерлік қызметтерін қосыңыз.
Нұсқаулықтарды әлдеқайда сенімді және қызықты ету үшін студент-
тердің оқу тәжірибесінің жағымды жақтарын айқын көрсететін фо-
тосуреттер мен студенттер тобының ынталандыратын пікірлерін
қосыңыз.
7.4 Бағдарламаны бекіту критерийлері
Бағдарламаны бекітудің нақты және жүйелі өлшемшарттары
оқу орындарына білім беру бағдарламасын басқарудың ашық, ай-
қын және дәйекті үрдістерін пайдалануға мүмкіндік береді. Олар
жоғары оқу орнының стратегиялық және академиялық бағытын
(мысалы зерттеулер негізіндегі білім беру (Jenkins and Healey,
2005)
151
немесе кәсіби және қолданбалы бағдарламалар); оқытуда,
білім беруде және бағалауда қолданылатын нақты тәсілдерді, сон-
дай-ақ басқа да қырларын көрсетеді. Төменде келтірілген типтік
өлшемшарттарды білім беру мекемелері
пайдалана алады және
олардың миссиясына, мазмұнына және нақты қажеттіліктеріне
сәйкес түзету енгізілуі мүмкін (20-кесте).
151
Jenkins, A. and Healey, M. (2005).
Institutional Strategies to Link Teaching and Research. York: The
Higher Education Academy. https://www.advance-he.ac.uk/knowledge-hub/institutional-strategies-link-
teaching-and-research-full-report
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
220
Достарыңызбен бөлісу: