Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Жаһандану мәнмәтініндегі білім беру теңсіздігі



Pdf көрінісі
бет21/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

1.5 Жаһандану мәнмәтініндегі білім беру теңсіздігі
Әлемнің жаңа либералдық дамуы жоғары оқу орындары-
на «оқу-ағарту орталықтарынан» «кәсіпкерлік ұйымға» өтуді іске 
асыруды талап етеді. Жаңа либерализм идеяларына байланысты 
мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруы жоғары оқу орында-
рын талапкерлер тартуға әрекет етуі қажет нарықтық қатынас 
субъектілеріне айналдырды. Жоғары білім беру қызметтері стан-
дартталған тауарға айналып барады. Білім беру қызметтерін стан-
дарттау табысты арттыру мен басқа елдердің таланттарын таңдап 
алуда нарықтың ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Стандарт-
тау мен біріздендіру – жаһандану категориялары болып табыла-
ды. Сондықтан мұндай жағдай барлығы үшін сәтті бола бермейді. 
Бастапқыда өз университеттеріне жайлы жағдай жасауда озықтық 
танытқан әлемнің Солтүстік елдері көбірек жеңіске жетеді, ал заң-
ды реципиент болған әлемнің Оңтүстік елдері артта қалады.
Жаңа либерализм мен жаһанданудың және 4.0 Индустриясы-
ның араласуы қоғам ішіндегі теңсіздіктің артуына, сондай-ақ да-
мыған және дамушы елдер арасындағы аймақтық алшақтықтың 
жаңа деңгейге көтерілуіне әкелетін қауіп тудыруы мүмкін.
Стандартсыз жұмыс, еңбек ақыға қатысты қысым жасау және 
жұмыс күші көлемінің азаю қаупі – аталған төңкерістің біздің 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
36
қоғам үшін ең радикалды жағымсыз салдары.
Бұл қауіптер мемлекет, ұрпақ, білім мен біліктілік деңгейлері, 
табыс, гендер және физикалық мүмкіндіктер тұрғысынан әртүрлі 
жікке бөлінеді. 
Елдердің теңсіздігі (білім беру жұтаңдығы).
 Білім беру адам-
заттың тұрақты дамуы үшін өте маңызды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 
2030 жылға дейінгі білім берудің 4-мақсаты ретінде «Жан-жақты 
қамтылған, әділ әрі сапалы білім беруді қамтамасыз ету және бар-
лық адамзат баласына өмірінің соңына дейін білім алу мүмкіндігін 
беруге көмектесу» деп жариялады
26
.
Дүниежүзілік Банктің World Development Indicators 2016 
есебінде бастауыш білім алу арқылы әлемде айтарлықтай іл-
герілеуге қол жеткізілгені атап өтілді. Бүкіл әлемдегі балалардың 
92%-ы бастауыш білім, ал 74%-ы толық емес орта білім алады. 
Бүкіл әлем бойынша бастауыш сынып оқушыларының саны 1990 
жылғы 81 пайыздан 2013 жылы 92%-ға дейін өсті. Шығыс Азия, 
Тынық мұхиты өңірлерінің, Еуропа және Орталық Азияның ел-
дері жалпыға бірдей бастауыш білім беру мақсатына қол жет-
кізді немесе соған жақын. Бірақ бұл барлығына қатысты емес. 
Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африканың бір бөлігі 
айтарлықтай ілгері жылжуына қарамастан, аталған көрсеткіштер 
бойынша әлі де артта қалып отыр (алғашқы білім алушылар саны 
2013 жылы 69%-ға жетті).
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде жастардың 103 миллионының база-
лық сауаттылығы жоқ, ал олардың 60%-дан астамы әйелдер, – деп 
хабарлайды БҰҰ
27
.
Төртінші өнеркәсіптік төңкеріске байланысты орын алатын 
еңбек нарығындағы өзгерістер жоғары білімге деген сұранысты 
26
Организация Объединенных Наций. (2015). Цели устойчивого развития. 
https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/education/ 
27
Уровень образования в мире: 57 миллионов детей не посещают школу (2017). The Worldonly.org. 
https://theworldonly.org/uroven-obrazovaniya-mire/ 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
37
тудырады. Әлемде жоғары біліммен қамтудың жалпы көрсеткіші 
30 пайыз деңгейінде қалып отыр. Адамдардың жоғары білім алу 
құқығын қолжетімді түрде жүзеге асыру қажет, онсыз тұрақты да-
муда қажетті маңыздылығы жоғары білікті, талантты және алуан 
түрлі қалыптасқан күштер болмайды.
Жоғары білім беру саласындағы жаһандық зерттеулер (БҰҰДБ 
Education Index, БҰҰДБ Human Development Index, Дүниежүзілік 
Банктің World Development Indicators, ЭЫДҰ жобалары және т.б.) 
дамыған және дамушы елдер арасындағы жоғары білімнің дамуын-
дағы, сапасы мен қол жетімділігіндегі алшақтық сақталып қана 
қоймай, одан сайын кеңейе түсетінін көрсетеді. Бұл халықтың та-
бысымен, білім беру жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігімен қатар, 
әлем елдерінің ұлттық экономикаларының технологиялық қару-
лану деңгейіне де байланысты. Экономика неғұрлым кедей болса, 
кәсіпорындардың технологиялық тұрғыдан жабдықталу дәрежесі де 
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Орталық Азиядағы білім 
беру бірқатар қиындыққа, атап айтқанда, білім берудегі жұтаңдықты жою-
дағы, нашар оқитын оқушыларға теңдей мүмкіндік берудегі және инклю-
зивтілікті ілгерілетудегі қиындықтарға тап болуда. Орта есеппен алғанда, 
Орталық Азия елдерінің оқушылары Еуропадағы өз құрдастарынан білім алу 
жағынан бір жарым жылға артта қалып қойған. PISA экономикалық ынты-
мақтастық және даму ұйымының оқушыларды бағалау жөніндегі халықа-
ралық бағдарламасының нәтижелеріне сәйкес өңірдегі көптеген оқушылар 
функционалдық сауаттылық бойынша төмен нәтиже көрсеткен.
Табыс деңгейі әртүрлі отбасыларынан шыққан білім алушылар 
арасында білім алудағы алшақтықтың немесе теңсіздіктің өсуі ерекше 
алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл бірқатар факторлардың, соның ішінде 
қашықтықтан оқытудың және мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқу 
материалдарының қол жетімділігіндегі айырмашылықтың, сонымен қа-
тар оқытушыларға қолдау көрсету мен үйде оқытуға отбасының қосатын 
үлесіндегі айырмашылықтың әсерінен орын алуда. PISA деректеріне сәйкес 
Қазақстанда ең кедей отбасылардың балалары өз қатарынан бір жылға, ал 
Қырғыз Республикасында – екі жарым жылға артта қалып отыр.
Дереккөзі: http://pubdocs.worldbank.org/en/798061592482682799/
covid-and-education-June17-r6.pdf


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
38
соғұрлым төмен болады және болашақта талап етілетін қатаң және 
икемді дағдыларды дамыту мүмкіндігі де соғұрлым әлсіз болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-талдау ор-
талығының зерттеу нәтижелері «жоғары білімнің қалың бұқараға 
қолжетімді болуы жалпы қоғамға да, оның жекелеген азаматтары-
на да экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетінін» көрсетеді. 
Жекелеген жағдайда жоғары білімі бар адамдар өз денсаулықта-
рын жақсы қадағалап, табыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік 
алады. Олардың өмірге қанағаттану деңгейі жоғары, тіпті орташа 
өмір сүру ұзақтығы да жоғары. Жалпы қоғам деңгейінде жоғары 
білімге қол жетімділіктің артуы жұмыссыздық деңгейінің төменде-
уінен, салық аударымдарының жалпы көлемінің ұлғаюынан, аза-
маттық қатысу мен еріктілік (волонтерлік) қызметтерге араласу 
деңгейінің жоғарылауынан, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру 
жүйесіне түсетін жүктеменің төмендеуінен байқалады. Сонымен 
қатар халықтың тұрмысы төмен топтарының өкілдері үшін жоғары 
білімге қол жетімділіктің артуы жоғары білімнің игіліктерін қоғам-
ның жоғары білімге неғұрлым мұқтаж топтарына таратуға мүм-
кіндік береді».
28
4.0 Индустриясы мәнмәтінінде жоғары білім беру 
жүйесін трансформациялау әлемдегі білім алу мүмкіндіктерінің 
теңдігі мәселелерін шешудің негізгі шартына айналады.
Дегенмен әлемде жоғары білімге қолжетімділіктің артып келе 
жатқанына қарамастан, ол көптеген адамдар үшін әлі күнге қол 
жетімсіз болып қала береді. Осыған байланысты жоғары білім беру, 
жоғары оқу орындарын дамыту стратегиясы, білім беру бағдарла-
маларының бағыттары «сепаратор» емес, «әлеуметтік жеделсаты» 
құруға бағытталуы тиіс. Сондықтан жоғары оқу орындарының 
алдағы онжылдықтардағы негізгі міндеті – халықтың барлық топ 
өкілдерін жоғары білімнің игіліктерімен қамтамасыз ету (ҚР БжҒМ 
АТО, 2015).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет