Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет32/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135
University of Phoenix Research Institute, 540
53
NCREL and Metiri Group. (2003). enGauge 21
st
Century Skills. Los Angeles, CA: Metiri Group


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
65
шын тілі) мен арифметиканы меңгергендігін көрсете ала ма?
2) Ғылыми сауаттылық: студенттер жеке шешім қабылдауға 
және әлеуметтік жүйелерге қатысуға қажетті ғылыми ұғымдар 
мен үрдістерді біле ме?
3) Экономикалық сауаттылық: студенттер экономикалық 
мәселелерді анықтай ала ма, экономика мен мемлекеттік са-
ясаттағы өзгерістердің салдарын зерттей ала ма, шығындары 
мен пайдаларын салыстыра ала ма?
4) Технологиялық сауаттылық: студенттер «технология» деген-
нің не екенін және оны нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін 
қалай тиімді әрі жылдам қолдануға болатындығын біле ме?
5) Визуалды сауаттылық: студенттер ойлау үрдісін, шешім қа-
былдауды, қарым-қатынас жасау мен оқуды тездетуге көмекте-
сетін тәсілдермен визуалды медианы түсіндіре, қолдана және 
жасай ала ма?
6) Ақпараттық сауаттылық: студенттер ақпаратты бағалауға, 
іздеп табуға, іріктеуге, тиімді пайдалана алуға және аталған 
әрекеттерді технологияларды қолдана отырып орындауға қа-
білетті ме?
7) Мультимәдени сауаттылық: студенттер әдет-ғұрып, құн-
дылықтар, өз мәдениеті мен басқалардың мәдени тұжырымда-
ры арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды түсініп, 
бағалай ала ма?
8) Ғаламдық хабардарлық: студенттер әлемдегі түрлі ұйымдар 
арасындағы қарым-қатынасты біліп, түсіне ала ма?
«Білім берудің жаһандық болашағы» ұйымы («Global Education 
Futures») Ресейде орналасқан «WorldSkills Russia-мен» серіктестік-
те жұмыс істейтін еңбек ресурстарымен айналысатын мамандар 
тобы «болашақтың қажетті дағдылары» ретінде мыналарды атай-
ды (2017, 81-б.)
54
:
1) эмоционалдық интеллект, эмпатия;
2) медиасауаттылық, ақпараттық гигиена;
3) саналылық, зейінді басқара білу;
4) экологиялық ойлау;
54
Global Education Futures. (2017). Global Education Futures Report: Educational Ecosystems for Societal 
Transformation. 
https://campfireconvention.uk/sites/default/files/GEF%20Vision%20Educational%20Ecosystems%20
for%20Societal%20Transformation-ilovepdf-compressed_1.pdf


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
66
5) креативтілік, стандартты емес шешімдер таба білу;
6) ынтымақтастық, ынтымақтастық арқылы стандартты емес 
міндеттерді шешу қабілеті;
7) жеке оқу стратегиясын таңдау қабілетін қамтитын оқу қа-
білеті.
Бүгінгі таңда бірнеше қазақстандық жоғары оқу орны өз сту-
денттерінен күтетін жалпылама құзыреттердің таңдаулы жиын-
тығын жариялап, анықтағанын айта кету керек. Сонымен қатар 
Назарбаев Университеті барлық мектептер мен университеттердің 
білім беру бағдарламалары үшін негізгі дағды ретінде мынадай 10 
құзыретті айқындады: 
1) коммуникация;
2) әлеуметтік дағдылар;
3) шығармашылық, инновация және кәсіпкерлік;
4) этика және адалдық;
5) аналитикалық және сыни ойлау;
6) көшбасшылық және топтық жұмыс;
7) икемділік, бейімделгіштік;
8) зерттеу дағдылары;
9) цифрлық дағдылар;
10) өмір бойы оқу.
Қазақстанның әлемнің 30 жетекші экономикасы клубына («Қа-
зақстан – 2050» стратегиясы) кіруге ұмтылысын ескере отырып, 
бұл бөлімде біз Қазақстанның болашақ жұмыс күшінен жоғары 
ықтималдықпен талап етілетін, ХХІ ғасыр құзыреттерінің халықа-
ралық аясының мазмұнына қысқаша талдау ұсынуға тырыстық. 13 
есепке және жалпылама, негізгі құзыреттер шеңберіне жасалған 
тұжырымдамалық контент-талдау негізінде біз қазақстандық ең-
бек нарығы үшін өзекті деп санауға болатын төмендегідей неғұр-
лым жалпылама құзыреттердің бар екенін анықтадық. Аталған 
негізгі құзыреттер төмендегі талдауда оқу үдерісіндегі негізгі 
құзыреттің өзегі болып табылатын қосалқы дағдыларды көрсете 
отырып ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет