Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Жалпы және негізгі құзыреттерді әзірлеуде



Pdf көрінісі
бет30/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135
2.3 Жалпы және негізгі құзыреттерді әзірлеуде 
халықаралық құжаттардың мазмұнын талдау 
Жалпы құзыреттерге жасалған талдау «ХХІ ғасырдың құзы-
реттері мен дағдыларын» талдаған трансұлттық агенттіктер мен 
ұйымдар жариялаған негізгі баяндамалар мен құжаттарды тұжы-
рымдамалық мазмұндық талдауға (conceptual content-analysis) 
негізделген (Christie, 2007)
45
. Тұжырымдамалық мазмұнды талда-
уды қолдана отырып, біз жоғары білім беру саласындағы жаһан-
дық деңгейде мойындалған құзыреттерге қатысты негізгі ұғымдар 
жиынтығын анықтадық. Талдауға іріктеліп алынғандар, негізінен, 
халықаралық ұйымдардың есептерін, яғни жаһандық құзыреттер 
проблемасын айқындайтын талдамалық құжаттар болып санала-
ды. Құжаттарды кодтау үшін «құзырет», «құзыреттілік, «жаһанда-
ну», «мәдениет», «болашақ», «ақпарат», интеллект», «білім», «сау-
аттылық», «дағды» сынды негізгі ұғымдар алдын-ала анықталып, 
таңдап алынды. Біз халықаралық құжаттарда көрсетілген құзы-
реттерге тиімді талдау жасау мақсатында құжат мазмұнындағы 
әрбір құзыреттіліктің қайталану жиілігінен гөрі нақты құзыреттің 
болуының маңыздылығын көбірек ескердік. ХХІ ғасырдың жалпы-
лама құзыреттері мен дағдылары бойынша аналитикалық халықа-
ралық есептер болып табылатын 13 халықаралық құжатқа талдау 
жасалды (3-кестені қараңыз).
45
Christie, C. (2007). Content analysis. In R. Baumeister & K. Vohs (Eds.), Encyclopedia of Social Psychology 
(p. 176). Thousand Oaks, CA: Sage


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
59

Құжат атауы 
Жарияланым авторы 
және жарияланған күні
1 Кембридж университетінің өмірлік құзыреттілігі 
шеңбері (Cambridge Life Competences Framework). 
Cambridge University 
Press, 2015
2 Болашақтың кәсіби дағдылары (Future work skills 
2020)
Davies, A., Fidler, D., & 
Gorbis, M. (2011) Institute
for the Future 
for University of Phoenix 
Research Institute, 540
3 Негізгі құзыреттерді анықтау және таңдау: қысқаша 
негізгі нәтижелер (The definition and selection of key 
competencies: Executive summary)
OECD, 2005
4 ЭЫДҰ дағдыларын зерттеу (OECD Skills Studies)
OECD, 2016
5 Білім мен дағдылардың болашағы: білім 2030. Біз 
қалайтын болашақ (The future of education and skills: 
education 2030: the future we want). 
OECD, 2018
6 ЭЫДҰ дағдыларын зерттеу (OECD Work on Education 
and Skills)
OECD, 2019
7 Өмір бойы білім алу: саясаттың бағыттары (Lifelong 
learning for all: Policy Directions)
OECD, 2001
8 21 ғасырдың дағдылары және жаңа мыңжылдық 
оқушылардың құзіреттіліктері (21
st
century skills and 
competences for new millennium learners in OECD 
countries)
Ananiadou, K., & Claro, M. 
(2009)
9 Болашақтың жұмыс күші. Қалыптастырушы бәсеке-
лес күштер (Workforce of the Future: Competing forces 
shaping 2030)
PricewaterhouseCoopers, 
2018 
10 Үздіксіз білім берудегі негізгі құзыреттіліктер бой-
ынша Еуропалық Кеңестің ұсынымына қосымша 
(Annex to the Proposal for a Council Recommendation 
On Key Competences for Lifelong Learning)
European Commission, 
2018
11 ХХІ ғасырдағы оқыту шеңбері (Framework for 21
st
Century Learning)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет