Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет31/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu


Partnership for 21
st
Century 
Learning. Battelle for Kids
2019
12 enGauge ХХІ ғасыр дағдылары (enGauge 21
st
Century 
Skills)
NCRL & Metiri Group, 
2003
13 Білім берудің жаһандық болашағы туралы есеп: 
Қоғамдық трансформацияға арналған білім беру 
экожүйелері (Global Education Futures Report: 
Educational Ecosystems for Societal Transformation)
Global Education Futures, 
2017
3-кесте. 
Жалпы және негізгі құзыреттерді әзірлеудің халықаралық құжаттар тізімі


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
60
Жаһандық құзыреттерді анықтау үшін біз форсайт әдіснамасы 
негізінде болашақтағы жаһандық құзыреттердің болжамын жасай-
тын әдебиеттерді қарастырдық (мысалы, Дельфи әдісі, мемлекет-
тік сауалнамалар және білім беру саласындағы халықаралық са-
рапшылармен және саясаткерлермен болған маңызды сұхбаттарды 
талдау). Түрлі трансұлттық ақыл-ой орталықтары, соның ішінде 
ЭЫДҰ, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік экономикалық форум, Еуропалық 
комиссияның өмір бойы үздіксіз білім алуға арналған Негізгі құзы-
реттер жөніндегі кеңестің пікірі туралы ұсынысы (2018), ХХІ ғасыр 
дағдыларына арналған Оқу бағдарламаларын қайта қарау және 
серіктестік орталығының баяндамалары болашақ жұмыс күшіне 
қажетті өзіндік дағдылар жиынтығын ұсынады. Алайда көптеген 
дағдылар мен құзыреттер халықаралық ұйымдардың зерттеулерін-
де де кездеседі.
Аталмыш тарауда ХХІ ғасырдың жалпы құзыреттері мен дағ-
дыларына арналған құжаттардан басқа, халықаралық авторлардың 
бірнеше ғылыми мақалаларына сүйенеміз (Gayeski et al., 2007
46

Johnstone, & Soares, 2014
47
; Rieckmann, 2012
48
; Voogt, & Roblin, 
2012
49
). Онда авторлар жоғары білім беру саласындағы негізгі құзы-
реттерді анықтау әдіснамасының мәселелерін және әлемдегі ұлттық 
білім беру жүйелерінде жаһандық жалпылама құзыреттердің бейім-
делу мәселелерін талқылайды. Мысалы Вугт пен Роблин ХХІ ғасы-
рдағы білім беру мәселелеріне арналған 15 халықаралық құжатқа 
жасаған талдауында белгілі бір құзыреттер жиынтығына берілген 
маңыздылық барлық құрылымдардың оларды ХХІ ғасырдың құзы-
реттері деп атауға келісу аясында өзгеріп отыратындығын айтады 
(Voogt, & Roblin, 2012, 306-б.). Тиісінше, егер жалпы, жаһандық құ-
зыреттердің бір аясы сандық дағдыларға аса мән берсе, екінші бір 
аясы әлеуметтік сипаттағы құзыреттердің тізімін ұсынады.
46
Gayeski, D. M., Golden, T. P., Andrade, S., & Mason, H. (2007). Bringing Competency Analysis into 
the 21
st
Century. Performance Improvement, 46(7), 9-16
47
Johnstone, S. M., & Soares, L. (2014). Principles for developing Competency-Based Education 
Programs. Change: The Magazine of Higher Learning, 46(2), 12-19
48
Rieckmann, M. (2012). Future-Oriented Higher Education: Which Key Competencies should be 
fostered through University Teaching and Learning? Futures, 44(2), 127-135
49
Voogt, J., & Roblin, N. P. (2012). A Comparative Analysis of International Frameworks for 21
st
Century Competences: Implications for National Curriculum Policies. Journal of Curriculum Studies, 
44(3), 299-321


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
61
Талдаудың негізгі дереккөзі – ЭЫДҰ-ның ең соңғы баяндама-
лары. ЭЫДҰ-ның жаңа құзыреттерге қатысты жасаған қадамының 
екі маңызды бастама шеңберінде әзірленгендігін айта кетуіміз ке-
рек, олар – құзыреттерді анықтап, іріктеу (DeSeCo) және студент-
терді халықаралық бағалау бағдарламасы (PISA). Қазақстанның 
жақын болашақта ЭЫДҰ-ға қосылу ниетін және Қазақстанның 
ЭЫДҰ-ның Білім беру саласындағы саясат жөніндегі комитетіне 
қосылғанын ескере отырып, біз алдымен ЭЫДҰ баяндамаларына 
талдау жасағанды орынды деп санаймыз. ХХІ ғасырдың құзырет-
тері талқыланатын ЭЫДҰ-ның көптеген баяндамаларының ішін-
де «Білім беру мен дағдылардың болашағы – 2030» деп аталатын 
ең соңғы баяндамасы позициялық құжат болып табылады. Онда 
ЭЫДҰ екі негізгі мәселені қарастырады:
1) Бүгінгі студенттерге табысты болу және өз әлемін қалып-
тастыруға қабілетті болу үшін қандай білім, дағды, көзқарас және 
құндылықтар қажет?
2) Білім беру жүйелері бұл білімді, дағдыларды, қарым-қаты-
настар мен құндылықтарды қалай тиімді дамыта алады?
Осы екі мәселеге байланысты ЭЫДҰ халықаралық педагогтар 
қауымдастығын іс-әрекетте білімнің, дағдылардың, тәсілдердің 
және құндылықтардың мол жиынтығы қажеттілігін мойындауға 
шақырады (ЭЫДҰ, 2018, 4-б). Талдауымыздың өзегінде құзырет-
тіліктер мен дағдылар болғандықтан, біз ЭЫДҰ-ға сәйкес болашақ 
білім беру барысында дамытуға лайықты деп саналатын төменде-
гідей дағдыларды қарастырамыз:
• когнитивті және метакогнитивті дағдылар (мысалы сыни 
ойлау, шығармашылық ойлау, үйрену және өзін-өзі реттеу-
ге қабілеттілік);
• әлеуметтік және эмоционалды дағдылар (мысалы эмпатия, 
өзіндік тиімділік және ынтымақтастық);
• тәжірибелік дағдылар (мысалы ақпараттық-коммуникаци-
ялық технологиялардың жаңа құрылғыларын пайдалану).
Еуропалық комиссия (European Commission, 2018, 2-б.)
50
50
European Commission. (2018). ANNEXto theProposal for a Council Recommendation On Key 
Competences for Lifelong Learning. Brussels: European Commission.
https://eur-lex.europa.eu/resource.html?uri=cellar:395443f6-fb6d-11e7-b8f5-
01aa75ed71a1.0001.02/DOC_2&format=PDF


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
62
үздіксіз білім алудың негізгі құзыреті ретінде қарастырылатын мы-
надай сегіз құзыретті әзірледі:
1) өзінің сауаттылығын басқарудағы құзыреттілік. Сауаттылық 
оқи және жаза білуді, сонымен қатар жазбаша ақпаратты те-
реңірек түсіне білуді қамтиды. Сауаттылық адамнан ақпа-
ратты сыни тұрғыдан бағалай білуді талап етеді (European 
Commission, 2018, 2-б.);
2) тілдік құзыреттілік;
3) математикалық құзыреттілік және ғылым мен техника сала-
сындағы құзыреттілік;
4) цифрлық құзыреттілік;
5) жеке, әлеуметтік және оқу құзыреті;
6) азаматтық құзыреттілік;
7) кәсіпкерлік құзыреттілік;
8) мәдени хабардар болушылық және өзін-өзі көрсете білу қа-
білеті.
Еуропалық комиссияға ұқсас, «XXI ғасырдағы оқыту жөніндегі 
серіктестік» ұйымы (Partnership for 21
st
Century Learning, 2019) XXI 
ғасырда оқытуға арналған жалпы құзыреттер шеңберін ұсынады. 
Ол білім беру саласындағы педагогтердің, сарапшылардың және 
бизнес көшбасшыларының қатысуымен студенттерге жұмыста, 
өмірде және азаматтық қарым-қатынаста табысқа жету үшін қа-
жетті білім-дағдыларды, тәжірибені және қолдау жүйесін айқын-
дау мақсатында әзірленді (Partnership for 21
st
Century Learning, 
2019, 1-б.)
51
.
Бұл ұйым «сауаттылық» түсінігі ретінде төмендегідей құзырет-
терді қалыптастырады (Partnership for 21
st
Century Learning, 2019, 2-б.):
) жаһандық ақпараттардан хабардар болушылық;
2) қаржылық, экономикалық, іскерлік және кәсіпкерлік сауат-
тылық;
3) азаматтық сауаттылық;
4) денсаулық мәселесіндегі сауаттылық;
5) экологиялық сауаттылық.
Сонымен қатар ХХІ ғасырда білім алуға арналған Серіктестік 
халықаралық дәрежеде танылған құзыреттерге сілтеме жасайды:
51
OECD. (2019). OECD Work on Education and Skills. Paris: OECD. Partnership for 21
st
Century 
Learning. Battelle for Kids


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
63
1) шығармашылық және инновация;
2) сыни тұрғыдан ойлау және қиындықтарды шешу;
3) коммуникация;
4) ынтымақтастық.
Білім беру саласында форсайт-зерттеулер жүргізудегі өзінің 
қырық жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, «Болашақ институ-
ты» (Institute for the Future) стратегиялық зерттеулердің коммер-
циялық емес тәуелсіз тобы болашақтың он құзыретін атап көрсе-
теді (2011):
1) мағыналылық – айтылған сөздің неғұрлым терең мағына-
сын немесе маңыздылығын анықтау қабілеті;
2) әлеуметтік интеллект – басқа адамдармен өте жақын және 
тікелей қарым-қатынас жасау, әрекетіне жауап беру және өзі-
не ұнайтын өзара әрекеттесулерді сезе білу және жағдай туғы-
зу қабілеті;
3) жаңашыл және бейімделгіш ойлау – механикалық немесе 
ережеге негізделген шешімдерден тыс шешімдер мен жауап-
тарды ойлау және ойлап табу қабілеті;
4) мәдениетаралық құзыреттілік – әртүрлі мәдени жағдайлар-
да жұмыс істеу қабілеті;
5) сандық ойлау – ауқымды көлемдегі деректерді абстрактілі 
ұғымдарға айналдыру және деректерге негізделген пайымдау-
ларды түсіну қабілеті;
6) коммуникацияның жаңа құралдарын қолданудағы сауат-
тылық – жаңа медиа-нысандарды пайдаланатын контентті 
сыни бағалап, дамыту және осы медианы сенімді коммуника-
ция үшін пайдалану қабілеті;
7) пәнаралық қолданыс – бірнеше пән бойынша сауаттылық 
және ұғымдарды түсіну қабілеті;
8) дизайн ойлау – қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін мін-
деттер мен жұмыс үдерістерін ұсыну және әзірлеу мүмкіндігі;
9) когнитивтік (танымдық) жүктемені басқару – ақпаратты маңы-
здылығы бойынша ажыратып, іріктей білу, сондай-ақ түрлі құрал-
дар мен әдістерді пайдалана отырып, когнитивті (танымдық) әре-
кетті қалай барынша арттыруға болатынын түсіну қабілеті;
10) виртуалды ынтымақтастық – өнімді жұмыс істеу, өзара 
әрекеттесуді басқару және виртуалды топ мүшесі ретінде қаты-


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
64
суды көрсету қабілеті (Institute for the Future, 2011, 6-12 бб.)
52
.
«Болашақ институты» құжатында көрсетілген 10 жалпы құзы-
реттің кемінде 5 құзыреті цифрлық дағдыларға жатады (

5, 

6, 

8, 

9, 

10). ХХІ ғасырдың құзыреттеріне американдық NCREL 
және Metiri Group компаниялары жасаған және олардың «enGauge 
21
st 
Century Skills» атты еңбегінде көрініс тапқан талдауы да циф-
рлық құзыреттерге үлкен маңыздылық береді. NCREL және Metiri 
Group компаниялары өздерінің құзыреттерге жасаған болжамын-
да цифрлық ұрпақтың (Net Generation (орыс. «ғаламтор-ұрпақ»)) 
жаңа сипаттамалары бойынша зерттеулерге, әдебиеттерге шолу, 
бизнес-ортадағы және өнеркәсіптегі жұмыс күші аясындағы бе-
талыс туралы ағымдағы есептерге, жалпылама танылған ұлттық 
дағдыларды талдауға, оқытушылардың қосқан үлесіне, оқытушы-
лар арасындағы жүргізілген сауалнамалардан алынған деректерге 
және АҚШ халқы топтарының әрекетіне шолу жасаған.
Цифрлық орта кеңістігінде талап етілетін құзыреттердің тізімін 
бермес бұрын, NCREL және Metiri Group-тың ХХІ ғасырдың барлық 
құзыретін 4 негізгі санатқа бөлетінін атап өткен жөн:
1) цифрлық ғасырдағы сауаттылық;
2) өнертапқыштық ойлау;
3) тиімді коммуникация;
4) жоғары өнімділік. 
«enGauge 21
st
Century Skills» есебінің авторлары «технология-
лар қарапайым тапсырмаларды тез орындауға көмектесетіндіктен, 
жоғары деңгейлі дағдыларға қажеттілік туындайтынын» растайды, 
мысалы деректерді көзбен шолу құзыреті, өздігінен реттелу дағды-
лары, сондай-ақ тәуекелдерді басқару дағдылары (NCREL & Metiri 
Group, 2003, 2-б.).
NCREL және Metiri Group компанияларының еңбегі жоғары 
оқу орындарының болашақ түлектеріне қажетті 22 жалпылама құ-
зыретті анықтады. Олардың 8-і «Цифрлық ғасырдағы сауаттылық» 
санатына жатады (NCREL & Metiri Group, 2003, 4-б.)
53
:
1) Базалық сауаттылық: студенттер цифрлық ғасыр қоғамында 
және жұмыста табысқа жетуге қажетті деңгейде тіл білуі (ағыл-
52
Davies, A., Fidler, D., & Gorbis, M. (2011). Future Work skills 2020. Institute for the Future for 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет