Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
121
кезеңінде – бағалау әдісін әзірлеу, баға қою, бағалау үрдісін моде-
рациялау және кері байланысты қамтамасыз ету кезінде пайдала-
нылуы мүмкін. Олар белгілі бір баға алу үшін студенттің бағалана-
тын жұмысы көрсетуі тиіс лайықты сипаттамаларды сипаттайды.
Өту балының дескрипторы оқушының
бағаланған жұмысы өту
балын алғанын көрсетуі тиіс минималды сипаттамаларды тұжы-
рымдау кезінде пайдалы болуы мүмкін.
Жақсы құрастырылған баға
дескрипторлары студенттерге
қандай бағалар алғанын және не үшін алғанын түсінуге көмек-
теседі. Олар сонымен қатар студенттерге бағаларын жақсарту
үшін не істеу керектігін түсіндіреді. Баға дескрипторлары баға-
ланатын оқу нәтижелерімен байланыста
болуы және оқу дең-
гейіне сәйкес түсіндірілуі керек. Олар бағалау үрдісінің жүйелі
екендігіне көз жеткізуге көмектеседі. Баға дескрипторлары сту-
денттерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың бір бөлігі
ретінде қолжетімді болуы тиіс. Олар сонымен қатар оқытушы-
ларға студенттермен дәйекті және пайдалы кері байланыс жаса-
уға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: