Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет65/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Бағалау айдарлары
Айдарлар бағалау тапсырмасын орындау сапасына қатысты 
күтілетін үміттерді байланыстыруға арналған. Бағалау тапсырма-
ларына арналған айдарлар студенттерге алдын-ала берілуі тиіс 
және оларға түсінікті болуы керек. Айдарлар нормативтік бағала-
уға емес, өлшемдік бағалауға негізделген. Бұл дегеніміз оқушы-
лардың оқу үлгерімін басқа оқушылардың үлгерімі бойынша 
емес, оқу нәтижелерімен салыстыра отырып, оқушылардың үл-
герімін бағалайды. Минималды деңгейде олар әдетте мыналарды 
қамтуы тиіс:
• бағаланатын оқу нәтижесінің сипаттамасы және студент-
терге тапсырманы орындау үшін берілетін нұсқаулықтар;
• өлшенуі қажет сипаттамалар – көрсеткен дағдылары, білімі 
немесе өзін-өзі ұстауы;
• шеберлік деңгейлері – шеберлік деңгейлерін сипаттау үшін 
қолданылатын көрсеткіштер жинақы әрі нақты болуы қажет.
Айдарлар бағалаудың жалпы құрылымы мен қай тілде бола-
тынын айқындайды және күрделі нәтижелерге немесе оқушының 
мінез-құлқына тиімді талдау жасауға мүмкіндік береді. Оқытушы-
лар айдарларды әзірлеуге атсалысқан кезде бағалаудың жалпы 
нәтижелері мен әдістері айқындалады. Бұл бағалау үдерісінің үй-
лесімділігін (және, тиісінше, әділдігін) арттырады.
Баға дескрипторлары
Баға дескрипторлары әр бағалау деңгейінде студенттердің үл-
герімін жан-жақты сипаттайды. Олар бағдарламаның студенттер-
ге қоятын талаптарын түсіндіреді және бағалау үрдісінің барлық 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
121
кезеңінде – бағалау әдісін әзірлеу, баға қою, бағалау үрдісін моде-
рациялау және кері байланысты қамтамасыз ету кезінде пайдала-
нылуы мүмкін. Олар белгілі бір баға алу үшін студенттің бағалана-
тын жұмысы көрсетуі тиіс лайықты сипаттамаларды сипаттайды. 
Өту балының дескрипторы оқушының бағаланған жұмысы өту 
балын алғанын көрсетуі тиіс минималды сипаттамаларды тұжы-
рымдау кезінде пайдалы болуы мүмкін.
Жақсы құрастырылған баға дескрипторлары студенттерге 
қандай бағалар алғанын және не үшін алғанын түсінуге көмек-
теседі. Олар сонымен қатар студенттерге бағаларын жақсарту 
үшін не істеу керектігін түсіндіреді. Баға дескрипторлары баға-
ланатын оқу нәтижелерімен байланыста болуы және оқу дең-
гейіне сәйкес түсіндірілуі керек. Олар бағалау үрдісінің жүйелі 
екендігіне көз жеткізуге көмектеседі. Баға дескрипторлары сту-
денттерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың бір бөлігі 
ретінде қолжетімді болуы тиіс. Олар сонымен қатар оқытушы-
ларға студенттермен дәйекті және пайдалы кері байланыс жаса-
уға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет