Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет64/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Өзара бірін-бірі бағалау
Өзара бағалау – студенттердің бір-бірінің жұмысын бағалай-
тын бірлескен оқыту әдісі
79
. Бұл әдіс әдетте оқу құралы ретінде қол-
данылады. Өйткені студенттерге орындаған жұмыстарының сапа-
сы туралы көбінесе оны жетілдіре түсуге қатысты ұсыныстарымен 
бірге кері байланыс беріледі.
Өзара бағалау сонымен қатар студенттің өз курстастары-
ның жұмысын бағалауға ынталандырады. Бұл сонымен қатар оқу 
үдерісін дараландыруға көмектесіп, солайша студенттердің ын-
тасын арттырады. Жоғары (әсіресе онлайн) сыныптар үшін өза-
ра бағалау оқытушыларға бағалауды басқа құралдармен орындау 
сенімді немесе тиімді болмайтындай тапсырмаларды қосуға мүм-
кіндік береді. Студенттер өз курстастарына тиімді, нақты және 
сенімді кері байланыс бере алатындай, бағалау критерийлері мен 
тәжірибелерін қолдану бойынша нақты нұсқаулар мен тренингтер-
мен қамтамасыз етілуі керек.
Студенттердің өзара бағалау үрдісіне қатысуы олардың өзін-
өзі бағалау дағдыларын дамытады, пәндік білімді тереңірек меңге-
рулеріне көмектеседі. Өзара бағалау студенттерге курстастарының 
оқу тәжірибесі туралы пікір білдірулеріне көмектеседі. Бұл бір-
бірінің оқу ресурстарын күшейтеді және топтық жұмысты бағалау-
ды әлдеқайда әділетті етеді (Reinholz, 2016)
80
.
4.3 Бағалауға қойылатын талаптарды түсіндіру
Бағалау критерийлері
Бағалауды әділ және ашық ету үшін бағалау тапсырмасын 
анықтау өте түсінікті болуы қажет. Студенттерде өздерінің оқудағы 
жетістіктерін растайтын фактілерді жинау туралы нақты түсінік 
болуы тиіс. Олар өз оқу жетістіктерін растайтын фактілерінің қа-
79
https://teachingcommons.stanford.edu/resources/teaching/evaluating-students/assessing-student-
learning/peer-assessment
80
Reinholz, D. (2016) The Assessment Cycle: a Model for Learning through Peer Assessment. Assessment & 
Evaluation in Higher Education, 41 (2), pp. 301-315


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
119
лай бағаланатынын білетініне көз жеткізу керек. Оқытушылар 
мен студенттер өздерінен не күтілетіні туралы жалпы түсінікке ие 
болуы қажет.
Бағалау критерийлері білім алушыларға, бағалаушылар мен 
модераторларға емтихан өткізу барысы, оқытудың қол жеткізілген 
нәтижелері қалай барланып, өлшенетіні туралы хабардар етеді. 
Сенімді және нақты тұжырымдалған бағалау критерийлерін жүй-
елі пайдалану студенттердің бағалау тапсырмаларының ажырамас 
бөлігі болып табылады. Олар студенттерге бағалау тапсырмаларын 
сәтті орындау үшін не істеу керектігі туралы нақты түсінік береді. 
Бағалау критерийлерін қолдану сонымен қатар жеке бағалаушы-
лардың да, бағалаушылар тобының да бағалауларының әділ әрі 
үйлесімді болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар олар бағалау 
критерийлерін бағалаушылардың дұрыс қолданғанына сенімділік 
бере отырып, тестті немесе емтиханды модерациялау үрдісіне 
көмектеседі. Нақты айқындалған бағалау критерийлері:
• оқу нәтижелерімен тікелей байланысты болуы;
• өту балына қол жеткізу үшін не талап етілетіні туралы ақпа-
ратты позитивті түрде беруі;
• білім алушыларға не істеу керектігін және қалай істеу ке-
ректігін бағдарлауға көмектесуі;
• білім алушыларға оқу жетістіктерінің әртүрлі кезеңдерінде 
олардан не күтілетінін түсінуге көмектесуі;
• барлық мүдделі тараптар үшін түсінікті болуы;
• көлемінің қолжетімді болуы;
• бір-бірінен ерекшеленетіндей болуы;
• өлшем бірлігі ретінде емес, жетістік көрсеткіші ретінде қа-
растырылуы қажет.
Бағалау критерийлері оқушының белгілі бір өлшемдерге 
(сынақтан өту немесе белгілі бір баға алу) жету үшін не істеу ке-
ректігін нақтылауда қолданылады. Олар берілген бағалау тапсы-
рмасының түріне сәйкес жазылуы керек. Мысалы жоба жұмысын 
орындау үшін қажетті сәттілік ережелері эссені бағалауда қолда-
нылатын ережелерден өзгеше болады. Критерийлер қарапайым 
және түсінікті тілде жазылуы керек. Өйткені студенттер тиісті бір 
топ үшін критерийлерге қол жеткізілгенін көрсетуі тиіс. Бағалау 
критерийлері:


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
120
• өту балын жинау және жинамау шегінде бағалау тапсырма-
сын орындауға қойылатын талаптарды көрсету;
• өту балынан жоғары бағаны жақсартатын бағыттарды 
көрсету;
• студенттің оқудағы еңбегінің өнімділігі бойынша мақсатты 
кері байланыстың негізін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет