Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Оқу жоспарын шиыршық қағидаты бойынша құру



Pdf көрінісі
бет75/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   135
Оқу жоспарын шиыршық қағидаты бойынша құру
Оқу жоспарын шиыршық (спираль) қағидаты бойынша құру 
идеясының
94
негізі Джером Брунердің ғылыми жұмысында (1960)
95
қаланған. Автордың оқу жоспарының үлгісіне сәйкес, білім алушы 
оқу барысында оқу материалының тақырыбын бірнеше рет зерт-
тейді. Оған қоса әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың күр-
делілігі арта түседі. Жаңа оқу тәжірибесі алдыңғы оқу тәжірибесіне 
негізделеді және мәнмәтінге енгізіледі. Бұл тәсілдің ұсынылатын 
артықшылықтары: І) студент оқу пәнін қайта қолға алған сай-
ын ақпарат нығая түсіп, миға бекиді; II) бұл тәсіл сонымен қатар 
жеңілдетілген идеялардан күрделіге логикалық түрде ауысуға мүм-
кіндік береді және ІІІ) студенттер бұрын алған білімдерін келесі 
курстарда қолдана алады (10-сурет).
94
Johnston, H. 2012.The Spiral Curriculum. Research into Practice. Education Partnerships, Inc.
95
Bruner, J. S. (1960). The Process of Education. Cambridge, Mass.: Harvard University Press
10-сурет. Шиыршық (спираль) ұстанымы бойынша құрылған оқу жоспары
Шеберлік
Білім беру мазмұнын 
қайтадан зерттеу; 
жаңадан оқыту 
және түсіну тереңдігін 
арттыру
Жаңа 
мазмұны
Күрделілігін 
арттыру


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
138
Оқу жоспарының бұл түрінің сипаттамалары жақсартылған 
оқу нәтижелерімен байланыстырылды, ал оқу жоспары білім 
алушылардың үлгерімін жақсартуға қатысы бар көптеген ғылыми 
тәсілдерді қамтиды.
Бастапқы ұғымдар
Нақты бір пәннің оқу жоспары аясында білім беру мен оқы-
туда қолданылатын әдістер тұрғысынан ерекше назар аударуды 
қажет ететін бастапқы ұғымдар
96
анықталуы мүмкін. Ол ұғымдар, 
көбінесе, пәнге қатысты ұғымдарды игеру кезеңдері ретінде жік-
теледі. Егер студенттер бұл ұғымдарды игермесе, оның одан әрі 
дамуы қиынға соғуы мүмкін. Физикадағы гравитация ұғымын да, 
метеорология мен мұхиттанудағы Кориолис эффектісі ұғымын да 
бастапқы ұғым ретінде қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет