Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Курс бойынша оқыту нәтижелерін әзірлеу



Pdf көрінісі
бет76/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135
5.2 Курс бойынша оқыту нәтижелерін әзірлеу
4-тарауда оқыту нәтижелерін әзірлеуге арналған кіріспе 
сұрақтар берілді. Біз табысты студенттер игереді деп күтілетін білім 
мен қабілеттерді көрсету үшін белсенді етістіктерді қолдану қажет-
тігін атап өттік. Белсенді етістіктерді қолдану, сонымен қатар осы 
оқу нәтижесінің қандай болатынын және ол қалай көрініс табаты-
нын анықтауға көмектеседі. Етістікті таңдау әзірленген курстың не-
месе бағдарламаның академиялық деңгейімен тығыз байланысты.
96
https://www.heacademy.ac.uk/knowledge-hub/threshold-concepts
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Сіздің ойыңызша, курсыңыздағы «бастапқы ұғымдар» болып санала-
тын ұғымдарды анықтаңыз. Білім алушыларға аталған ұғымдарды 
тереңірек түсінуге көмектесу үшін қолданатын әдістемелік оқу тәсіл-
дерін әзірлеңіз.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
139
Бенджамин Блумның 1956 жылғы жұмысы
97
иерархиядағы та-
нымдық дағдылардың деңгейлерін жіктеп берді және оны осы оқу 
деңгейлеріне қатысты етістіктерді таңдау үшін қолдануға болады. 
Кейінірек Андерсон мен Кратвол
98
Блум жүйелеуін қайта қарап, ол 
топтаудың әртүрлі білім беру түрлерімен қалай тоғысатынын және 
оларға қалай нақты, тұжырымдамалық, процедуралық және метаког-
нитивті әсер ететінін анықтады. Бұл тоғысуды оқудың әсерін білім 
мен танымдық үрдісте зерттеу үшін қолдануға болады (11-сурет).
Ұлыбританиядағы SEEC
99
университеттер мен жоғары білім 
беру провайдерлері Консорциумының дескрипторларына немесе 
Дублин дескрипторларына ұқсас деңгейлік дескрипторлар атал-
мыш маңызды дереккөздерді жоғары білім берудегі әртүрлі ака-
97
Bloom, B.S. (ed.). Taxonomy of Educational Objectives. Vol. 1: Cognitive Domain. New York: McKay, 1956
98 
Anderson, L. W., & Krathwohl, D. R. (2001). A Taxonomy for Learning, Teaching and Assessing: A 
Revision of Bloom’s Taxonomy of Educational Objectives: Complete Edition. New York: Longman
99
SEEC (2016) Credit Level Descriptors for Higher Education http://www.seec.org.uk/wp-content/
uploads/2016/07/SEEC-descriptors-2016.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет