Тапсырма
1.Na2[Fe(CO)Cl5] комплексті қосылыста комплекстүзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық санын анықтаңыздар.
А) +3 және 7;
В) +2 және 7;
С) +2 және 6;
D) +3 және 6;
Е) +6 және 6.
2.Нейтралдау реакцияға түспейтін қосылысты анықтаңыз.
А) [Cu(NH3)4](OH)2;
В) Na3[Al(OH)6];
С) [Co(H2O)6](OH)3;
D) [Cd(CN)4](OH)2;
Е) [Zn(NH3)4](OH)2.
3.Қай қосылыстың ерітіндісінен BaCl2 ерітіндісін қосқанда BaSO4 тұнбасы түзілмейді?
А) K[Cr(SO4)2];
В) [Zn(NH3)4]SO4;
С) [Pt(H2O)4]SO4;
D) [Cu(NH3)4]SO4;
Е) [Ni(NH3)2(H2O)2]SO4.
4.K[PtNH3Cl5] комплексті қосылыста комплекстүзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық санын анықтаңыздар.
А) +2 және 8;
В) +4 және 9;
С) +4 және 6;
D) +2 және 6;
Е) +3 және 6.
5.Аквакомплексті қосылысты көрсетіңіз.
А) [Pt(NH3)6]Cl4;
В) H2[Si(OH)6];
С) [Fe(CO)5];
D) [Cr(H2O)6]Cl3;
Е) [Cu(NH3)4](OH)2.
6.Zn2+ ионына қандай координациялық сан сипатты?
А) 4;
В) 2;
С) 6;
D) 8;
Е) 3.
7.Комплекс заряды «3+» тең комплексті қосылысты анықтаңыз.
А) [Ag(NH3)2]Cl;
В) [Cr(H2O)6]Cl3;
С) [Pt(NH3)6]Br4;
D) [Cu(H2O)4]SO4;
Е) [Mg(H2O)6]SO4.
8.
Анион-комплексті анықтаңыз.
А) [Cr(H2O)2(SO4)2];
В) [Cr(H2O)5Cl];
С) [Cr(H2O)4Cl2];
D) [Cr(NH3)5SO4];
Е) [Cr(NH3)5CN].
$$$ 273
9.K[Cr(SO4)2] қосылыста комплекстүзушінің тотығу дәрежесін анықтаңыз.
А) +2;
В) +3;
С) +4;
D) +1;
Е) +5.
10.[Cu(NH3)2(H2O)2](OH)2 қосылыста комплекстүзуші бөлшекті анықтаңыз.
А) NH3;
В) Cu+;
С) H2O;
D) Cu2+;
Е) OH-.
Сабақ жоспары № _18_(теориялық оқыту)
Күні
|
|
Дайындаған оқытушы
|
Әбдіхамит А.Қ
|
Пән /Модуль
|
Химия
|
Топ
|
107,110,115
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы.
|
Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)
|
Металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру

Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)
|
Металдарға тән металдық байланыс пен металдық кристалдық тордың ерекшеліктерін анықтау арқылы физикалық қасиеттерін түсіндіру Металдардың атом құрылысының ерекшеліктеріне сүйеніп тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру Металдардың белсенділік қатарындағы заңдылықтар негізінде олардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
|
Бағалау критерийлері
|
Металдардың құрылысы мен қасиеттері арасындағы тәуелділікті анықтайды Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстырады Металдардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастырады
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Оқыту әдістері мен тәсілдері
|
Топтық жұмыс, ынтымақтастық, академиялық шындық, заттарды тұрмыста сауатты қолдана алу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау
|
Пәнаралық
Байланыс
|
Биология
Физика
|
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
|
Интератифті тақта,тапсырма қағаздары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
|
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
|
оппен жұмыс барысында ынтымақтастық пен ауызбіршілікке үйрету. Тақырыптан металдар жайында түсініп,қосымша ақпараттар жинақтай алады, адам ағзасындағы және тағам құрамындағы кездесетін металдармен таныстыру
|
|
Білімді жаңарту
(15мин.)
|
Металдар — электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
|
|
Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)
|
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.
Металлургия – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Қара металлургия – қара металдар өндіру барысында кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуды қамтитын металлургия саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинаттарында комбинатында өндіріледі.
|
ноутбук, ғаламтор сайттары
PowerPoint
«Identifying metal ions and negative ions»
|
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)
|
Түсті металлургия – кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпаларын алу өндірісін қамтиды. Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды
|
|
Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)
|
1 бөлім §38 162 бет. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.
|
|
Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)
|
1.Металлургия деген не? Оның қандай түрлері бар?
2.Таза күйінде қандай металдар алынады?
3. Құймалар деген не? Олардың қандай түрлері бар?
4. Неліктен металл құймалары таза металдарды жиі алмастырады?
|
|
Рефлексия (5мин.)
|
|
|
Ауыспалы металдар — валенттік d- және f-электрондары бар элементтер, периодтық жүйедегі қосымша топша элементтері. Ауыспалы металдардың электрондық құрылысын (�−1)����� формуласымен анықтайды. Атомдарының ns-орбитальдарында 1 немесе 2 электрон болады, қалған валентті электрондар (�−1)� -орбитальдарда орналасады. Себебі, валентты электрондар саны орбитальдар санынан кем болғаннан кейін бұл элементтер металдар болып саналады.
Бұл элементтердің өздеріне тән қасиеттері бар:
тотығу дәрежелерінің ауыспалы болуы,
кешенді иондар түзуге қабілетті болуы,
түсті қосылыстар түзуі.
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.
Металлургия – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Қара металлургия – қара металдар өндіру барысында кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуды қамтитын металлургия саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинаттарында комбинатында өндіріледі.
Билет 1
Атом құрылысы.
Тотығу –тотықсыздану
Калий перменганатына кальций йодидін және күкірт қышқылын қос. Реакция теңдеуін теңестір
Достарыңызбен бөлісу: |