Есептер 1.Алюминий мен темірдің 11г қоспасында тұз қышқылының ерітіндісімен әсер еткенде 8.96 (қ.ж) газ түзіледі.Қоспадағы металдардың массалық үлестерін есептеңдер.Реакцияға екі металл қатысады.Екі реакция нәтижесінде де сутек бөлінеді.Мұндай жағдайда қарапайым теңдеулер жүйесін қолданады.бір металдың зат мөлшерін х моль,ал екінші затты металдың зат мөлшерін у моль деп белгілейміз.
2Көміртек пен .кремнийдің 5,2г қоспасы берілген.Қоспаны толық жағуға 6,72л(қ.ж) оттек жұмсалады.Қоспадағы кремний мен көміртектің массалық қатынасын есептеңдер.
3.Алюминий мен бериллийдің 144 г қоспасын тұз қышқылымен өңдегенде 20 г сутек түзіледі.Қоспадағы әр металлдың массасы мен массалық үлестерін есептеңдер.
Э2O: Cu2O; Ag2O; Au2O
2Cu+O2→ t0 Cu2O; не күміс пен алтынды: 2 ЭOH → t0 Ag2O, Au2O + H2O
AgOH болады→негіздік қасиет көрсетеді , CuOH, AuOH болмайды : Ag2O; Au2O + H2O;
CuO, Au2O3 тұрақты 2Cu+O2→2CuO;
2Au(OH)3→ t0 Au2O3+3H2O CuCl2+2NaOH→Cu(OH)2↓+2NaCl AuCl3+3NaOH→Au(OH)3↓+3NaCl
арқылы алып, гидроксидтерді айырады. Cu(OH)2 және Au(OH)3 амфотерлі ;
Cu(OH)2 ↓+NaOH→ Na2[Cu(OH)4] Au(OH)3↓+NaOH=Na[Au(OH)4]
Тұрақсыз Cu2O3 алу үшін 2CuSO4+2NaOH+H2O2→Cu2O3(гранатовокрасн.)+Na2SO4+H2SO4+H2O
2|Cu2+-1e—→Cu3+ 1|O22-+2e—→2O2- Cu2O3 – күшті тотықтырғыш. Cu2O3 →120С Сu2O+O2 |Cu3++4e—→2Cu+ |2O2--4e—→O02 Cu2O3 +6HCl→Cl2+2CuCl2+3H2O
2Cu3++2e—→2Cu2+ 2Cl— -2e—→Cl2 , тотығу дәрежесі +1 тұрақты тек Ag+ Ag Г↓ белгілі : AgCl ЕК=10-10;
AgBr ЕК =10-13; AgI ЕК =10-16 ; +2 т.д. тұрақты тек Cu2+ бірақ CuI2 жоқ , +3 т.д. тұрақты Au3+ барлық галогенидтері бар, бірақ қыздырғанда AuГ3→ t0 AuГ+Г2 айрылады ;
Э+S→Cu2S(CuS) бұл қосылыстар табиғатта да бар. Ag2S, Ag2Se, Ag2Te түзеді,
ал 2Au+3S→Au2S
Сабақ жоспары № _14_(теориялық оқыту)
Азот және аммиактың молекулалық құрамы мен құрылысы
Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)
әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу
элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)
Барлық оқушы: Білім алушылар химиялық элемент белгілі бір атом түрі екендігін біледі.Химиялық элемент таңбасын есте сақтайды
Басым бөлігі: Химиялық элементтерді таңбалары арқылы металдар мен бейметалдарға ажыратады
Кейбірі: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, заттарды құрамына қарай жай және күрделі заттарға жіктейді
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
«Асық» ойыны арқылы бір-біріне
жақсы лебіздер айтып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Геометриялық фигуралар бөліп аламыз
Үшбұрыш- ақылды, салмақты, білімді
Төртбұрыш- шебер, іскер
Шеңбер- бауырмал,шығармашыл, тындырымды
. Қызығушылықты ояту.
Тапсырма 1.«Конверттегі сұрақ» әдісі
1.Азот топшасына кіретін элементтерді атаңдар?
2.Азоттың сутекті қосылыстардың атауы?
3.Аммиак қандай зат?
4.Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз.
5.Азоттың маңызды қосылыстары қандай?
6.Нитраттар деген не?
ноутбук, ғаламтор сайттары
PowerPoint
«Identifying metal ions and negative ions»
Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)
«Ойлан тап»
Айналуларды жүзеге асыр.
N2 NH3 NO NO2 HNO3 Cu(NO3)2 Тыңдалым 1
«Түртіп алу» әдісі
Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз) — химиялық элемент – түссіз, иіссіз, дәмсіз – суда аз еритін газ. Бұл элемент аминқышқылдарының амидтердің ақуыздардың-нуклейін қышқылдарының-нуклеотидтердің және өмірде өте маңызды басқада көптеген органикалық қоспалардың құрамына енеді. N – элементтердің периодты жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі – 7, атом салмағы – 14.0067. Табиғатта екі изотопы кездеседі: 14N (99.635%), 15N (0.365%).
Азотты 1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы азоттың мөлшері 0.03%. Табиғатта азот дербес және қосылыстар күйінде кездеседі және негізгі қоры екі атомнан тұратын молекула түрінде ауа құрамында болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75.6% , көлем үлесі 78.1%. Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг азоттан келеді, әрі ол бейорганикалық және органикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Оның бейорганикалық қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі) жатады. Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың негізгі қоры барлық тірі ағзалардың ақуыздарында құрамына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне байланысты “тіршіліксіз” деп аталып кеткенімен азот тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты температурада азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау температурасы – 196 °C, қату температурасы – 210 °C. Су бір өлшем көлемінде (20 °C-та) 0.0154 көлем азот ериді, яғни азоттың суда ерігіштігі оттектің ерігігтігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)
Азот химиялық синтезде инертті атмосфера жасау үшін пайдаланылады. Тоңазытқышта, медицинада, аммиак алу үшін қолданылады. Сұйық азот салқындаткыш жүйелер саласында кеңінен қолданылады. Азот, негізінен, аммиак алуға, одан әрі азот қышкылы және азот тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. Азотты салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де пайдаланады (электр лампасын толтыруға, т.б.).
Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)
«Азоттың тіршіліктегі маңызы» тақырыбында реферат
Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)
Асулардан асайық
№1. 17 г аммиак түзілу үшін қанша литр сутек /қ.ж./ реакцияға түседі?
№2 5т. (NH4NO3) алу үшін /қ.ж./ қажетті аммиактың көлемі мен массасын тап?
«Бағдаршам» арқылы бағалау
Рефлексия (5мин.)
Кері байланыс.
«Шахмат тақтасы» әдісімен
Шахмат тақтасының қара шаршысына бүгін сабақта не үйреніп, қандай нәтижеге қол жеткізгені туралы өз ойын жазып іледі
Төртінші негізгі топшаға немесе ІV А тобына көміртегі С, кремний Si, германий Ge, қалайы Sn, қорғасын Pb жатады. Бастапқы екі элемент – көміртегі мен кремний металл еместер, ал қалғандары металдарға жатады.
Топша элементтері (қорғасыннан басқалары) сутегімен ЭН4 типтес қосылыстар түзеді: СН4 – метан, SiH4 – силан, GeH4 – германсутек, Sn – қалайысутек.
Топша бойынша элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне байланысты металл еместік қасиеттері кемиді де, металдық қасиеттері арта береді. СН4 – тен SnH4-ке қарай сутекті қосылыстардың тұтастығының кемуі осы қасиеттерімен түсіндіріледі.
Көміртегі.
Көміртегінің табиғатта таралуы. Көміртегі табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де кездеседі. Көміртегі тас көмірдің, қоңыр көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың құрамына кіреді.
Көміртегінің химиялық қасиеттері. Көміртегінің екі аллотропиялық түр өзгерістері бар, оларға алмаз бен графит жатады, ал жасанды жолмен алынған түр өзгерістерін – карбин және полукумулин дейді.
Алмаз бен графиттің физикалық қасиеттеріне елеулі айырмашылық болатынын олардың құрылыстарының әртүрлілігімен анықталады.
Алмазда көміртегінің әрбір атомы басқа атомдармен төрт гибридті сигма ковалентті байланыс арқылы 1090 бұрыш жасай байланысады. Осының нәтижесінде көміртегінің барлық атомдары бір-бірімен ұзындығы 0,154 нм байланыс арқылы тұтас үш өлшемді макромалекула түзеді. Осындай құрылыс алмазға өте мөлдірлік, аса қаттылық қасиет береді. Қаттылығы жөнінен алмаз барлық заттардың ішінде бірінші орын алады.
1960 жылдан бері көміртегінің жасанды түрі өзгерістері карбин мен поликумулен синтезделді.
Карбинде көміртегі атомдары кезектесіп келетін үш және бір байланыс арқылы қосылатын болса, поликумуленде көміртегі атомдары өзара қос байланыс арқылы тізбектеседі.
С ≡ С − С ≡ С − С ≡ С − (карбин)
С = С = С = С = С = С = (поликумулен)
Құрамында көміртегі бар заттарды ауа қатыстырмай қыздырғанда, аморфты кокс көмір жатады, бұлардың құрылысы графит тәрізді.
Көміртегі химиялық қосылыстарда екі, төрт валентті, ал тотығу дәрежесі +2, +4 болады.
Көміртегінің барлық түр өзгерістері – аморфты көміртегі қыздырғанда, алмаз жоғары температурада (700 – 8000С) оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді:
2С + О2 = 2СОС + О2 = СО2 Көміртегінің күкіртпен әрекеттесуі жылу сіңіре жүретін эндотермиялық реакция:
C + S = CS2 – 63 кДж
Көміртегі фтормен тікелей әрекеттеседі, ал оның басқа галогендермен қосылыстарын жанама жолмен алады.
C + F2 = CF2 S2 + 2Cl2 = CCl4 + 2S
Электр разряды кезінде көміртегі азотпен тікелей әрекеттесіп улы газ циан түзеді:
2C + N2 = C2N2 Циан қышқылының тұздарын цианидтер дейді және олар өте улы болады. Көміртегі жоғары температурада металдармен әрекеттесіп карбидтер
түзеді, мысалы Са + 2С = СаС2 Көміртегі оксидтері. Көміртегі (IІ) оксиді СО көміртегі жетімсіз мөлшердегі оттегімен әрекеттескенде немесе көміртегі (IV) оксидін қызған көмір арқылы өткізгенде түзіледі:
2С + О2 = 2СО СО2 + С = 2CO
Зертханада көміртегі (ІІ) оксидін құмырсқа қышқылын фосфор (V) оксидімен сусыздандыру арқылы алады:
НСООН → СО + Н2О СО түссіз, иіссіз, дәмсіз өте улы, тұз түзбейтін оксид.
Ӛзінің химиялық қасиеттері жөнінен көміртегі оксиді СО күшті тотықсыздандырғыш және қосылу реакциясына бейім келеді. Хлормен әрекеттесіп, фосген деп аталатын улы зат түзеді.
СО + Cl2 = COCl2 СО жанғыш газ болғандықтан, қыздырғанда ауада жанып, СО2-ге айналады.
2СО + О2 = 2CO2 Көміртегі (IV) оксиді СО2 түссіз, иіссіз, жанбайтын, жануды қолдамайтын газ, 1 л суда 1,7 л СО2 ериді.
Көміртегі оксидін өнеркәсіпте әктасты қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаСО3 = СаО + СО2 Зертханада көміртегі (IV) оксидін Кипп аппаратында мраморға немесе кальций карбонатына қышқылмен әрекет ету ретінде алады:
CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O
Жоғарғы температурада, катализатор қатысында, көміртегі (IV) оксиді сутегі арқылы метанға тотықсызданады.
СО2 + 4Н2 = CH4 + 2H2O
Көміртегі (IV) оксиді аммиакпен әрекеттесіп амидкөмір қышқылының тұрақсыз тұзын түзеді, ал бұл тұз қыздырғанда суды бөліп шығарып карбамидке немесе мочевинаға айналады.
СО2 + 2NH3 = CO(NH2)ONH4 CO(NH2)ONH4 = H2N – CO – NH2 + H2O
Кремний. Кремний табиғатта өте көп таралған элемент. Жер қыртысының 97% кремнийдің қосылыстарынан тұрады.
Кремнийді алу үшін, ақ қиыршық ұсақ құмды магниймен араластырып қыздырады:
SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si
Кремнийдің сыртқы электрондық құрылысы 3s23p2, оның атомында sp3-гибридизация болады.