Тапсырма «Конверттегі сұрақ» әдісі
1.Азот топшасына кіретін элементтерді атаңдар?
2.Азоттың сутекті қосылыстардың атауы?
3.Аммиак қандай зат?
4.Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз.
5.Азоттың маңызды қосылыстары қандай?
6.Нитраттар деген не?
7.Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
8.Азоттың атомдық массасы қанша?
9.Аммоний тұздарына мысал келтір
10.Азот топшасы орналасқан топ нөмері
11.Азоттың Ү валентті оксидіндегі оның тотығу дәреже
Сабақ жоспары № _15_(теориялық оқыту)
Күні
Дайындаған оқытушы
Әбдіхамит А.Қ
Пән /Модуль
Химия
Топ
107,110,115
Сабақтың тақырыбы
Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі
Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)
күкірт қышқылы ерітіндісінің және оның тұздарының физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу
Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)
Күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтау; · Күкіртті қышқыл мен күкірт қышқылы тұздарын сапалық реакция көмегі арқылы ажырату; · Практикалық жұмыс дағдыларын жетік меңгереді, түзілген тұнбалардың физикалық сипаттамаларын зерттейді.
Бағалау критерийлері
Күкірт қышқылы ерітіндісінің қасиеттерін айтады ü Күкірт қышқыл тұздарының қасиеттерін түсіндіреді
Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі, ұйымшылдық
Пәнаралық
байланыс
Физика, математика, география
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
АКТ қолдану дағдылары Электронды тақта, презентация, бейнебаян
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-шаралар
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сергіту жаттығуы. Сабақтың тақырыбы мен қол жеткізілетін мақсаттар таныстырылады. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» әдісімен өткен тақырыпты еске түсіру. 1. Күкірттің қандай аллотропиялық түрөзгерісін білесіздер? 2. Күкірттің физикалық қасиеті? 3. Күкірттің химиялық қасиеті?
Білімді жаңарту
(15мин.)
Сәйкестендіру тапсырмасы Күкірт қосылыстары мен атауын сәйкестендіріңіз: Интербелсенді тақта
Қосылыстар формуласы Қосылыстар атауы 1. SO2 1. Күкірт (VI) оксиді 2. SO3 2. Күкірт сутек 3. H2S 3. Күкірт (IV) оксиді
Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)
Жаңа тақырып Ой-қозғау. Бір кездерде химия патшалығында Су ханшайымы мен күкірт алты валентті ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы куанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді. Медбике келіп ұл деп көк лентаны таққанда бірден қызарып кетті. Яғни дүниеге ұл бала емес қыз бала келгенін белгілі болады. Қыздың атын Қышқыл деп қойыпты, әкесінің аты Күкірт екен. Сонда балалар қалай ойлайсыңдар Қыздың тегі қалай болады екен? Күкірт қышқылы.. Сонымен тақырыбымыз «Күкірт қышқылы және оның тұздары». Физикалық қасиеттері: Оқулықтан оқу арқылы түсінгендерін стикерге жазу арқылы, плакатқа жапсыру Химиялық қасиеттері Дәптерлеріне сипаттап жазу. Сұйылтылған күкірт қышқылы қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді. Ол индикаторлардың түсін өзгертеді. Белсенділік қатарындағы сутекке дейінгі металдармен әрекеттескенде сутек бөлінеді: Zn + H2SO4(сұйылт) = ZnSO4 + H2 Металл оксидтерімен әрекеттеседі: MgO + H2SO4(сұйылт) = MgSO4 + H2 Негіздермен әрекеттеседі: 2 KOH + H2SO4(сұйылт) = K2SO4 + 2 H2O Әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі: Na2CO3 + H2SO4(сұйылт) = Na2SO4 + H2O + CO2 (Тәжірибе жасау)Тәжірибе нәтижесін талқылау және тақтаға реакция теңдеулерін жазу. Күкірт қышқылын алу. Ол тұз мединицада дәрі ретінде «глаубер тұзы» деген атаумен қолданылады. Тотияйын, яғни мыс кристалгидраты CuSO4 * 5H2O Презентация Плакат, стикер Тұрғы, сынауық, күкірт қышқылы, мырыш Презентация, bilimland сайтынан бейнеролик
жасанды жібек, талшық алуға, өсімдік зиянкестерімен күресуге қажет.
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)
Күкірт қышқылын алудың өндірістік әдісі мен лабораторияда алу жағдайлары видео-роликте көрсетіледі. Оқушылар дәптерлеріне реакция теңдеулерін жазып отырады. Видео-роликке сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі. бағалайды.
Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)
Массасы 12,8 г мыс күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күкіртті газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер. Жауабы: 4,48 л. 2) Реакция толық жүру үшін массасы 500 г массалық үлесі 20%-дық күкірт қышқылының ерітіндісіне қанша магний
Бүгінгі сабақтың сіздер үшін маңыздылығын бағалаңыз! 1. Сабақ сіздерге түсінікті болдыма а) иә; б) жоқ. 2. Сабақтың қай кезеңі сізге қызықты өтті: а) бағалау кезеңі; б) тапсырмалардың деңгейі; 3. Бүгінгі сабақта мақсатқа қол жеткіздім деп ойлайсыз ба: а) иә; б)
жоқ; в) жартылай
Рефлексия (5мин.)
Бүгінгі сабақтың сіздер үшін маңыздылығын бағалаңыз! 1. Сабақ сіздерге түсінікті болдыма а) иә; б) жоқ. 2. Сабақтың қай кезеңі сізге қызықты өтті: а) бағалау кезеңі; б) тапсырмалардың деңгейі; 3. Бүгінгі сабақта мақсатқа қол жеткіздім деп ойлайсыз ба: а) иә; б)
жоқ; в) жартылай
Күкірт қышқылын контактілі әдіс бойынша өндірудің екінші сатысы — күкірт (IV) оксидінің тотығуы.
Күкірт (IV) оксидін тотықтырып, күкірт (VI) оксидіне айналдыру керек:
2SО2 + О2 ―― 2SО3 Бұл — қайтымды реакция. Сондықтан тура реакцияның жүруіне қажетті оңтайлы жағдайларды таңдап алады: әрекеттесуші заттар да, түзілген өнім де газ болғандықтан, ең әуелі реакцияның жылдамдығын арттыру үшін қысымды реттеу қажет. Реакция теңдеуіне қарасақ, сол жағындағы газдар көлемі өнім түзілетін он, жақтағыға қарағанда көп екенін көреміз, демек қысымды жоғарылату қажет.
Реакция — экзотермияпық, сондықтан реакция жүретін ортадағы температура мөлшерден (400°С—450°С) асып кетсе, онда реакция кері жүреді, демек оңтайлы температураны — 400°С— 450°С сақтау қәжет.
Реакция — катапиздік. Өршіткі ретінде темір, ванадий оксидтері қолданылады.
Реакция жүруіне қажетті барлық жағдайларды анықтап алған соң, реакция жылдамдығын арттыру үшін ең әуелі, әрекеттесуші заттар таза, концентрациясы жоғары болуы тиіс. Күкіртті газдан таза күкірт (IV) оксидін бөліп алу үшін бірнеше к,ұралғыдан: циклон, электрсүзгі, кептіру мұнарасынан өткізеді.
Тазарып кептірілген күкіртті газды реакция жүретін температураға дейін жылытады. Ол үшін арнайы жылу алмастырғышта реакцияның өз жылуын пайдаланады. Жылу алмастырғыштар — ішіне түтіктер орнатылған цилиндр пішінді қондырғылар. Түтік ішімен реакциядан шыққан ыстық газ, ал түтіктер арасымен қарсы ағыс әдісімен жылытылатын газ (SО2) өтеді.
Жылытылған күкірт (IV) оксиді мен қатты өршіткінің жанасу бетін үлкейту үшін өршіткі түйіршіктерін кішірейтіп, реакцияны «қайнау қабатында» жүргізеді.
Реакцияның өнімділігін арттыру үшін өршіткіні бірнеше қабаттап сапатын, арасына жылу алмастырғыштар қойылған жанасу қондырғылары қолданылады.
Күкірт қышқылын контактілі әдіс бойынша өндірудің үшінші сатысы — күкірт (VI) оксидінен күкірт қышқылын алу. Бұл сатыда күкірт (VI) оксидін күкірт (IV) оксиді қоспасынан (6—7% болады) бөліп алып, концентрлі күкірт қышқылын немесе күкірт (VI) оксидінің күкірт қышқылындағы ерітіндісін, яғни опеум алу керек.
Реакцияны онша жоғары емес температурада қарсы ағыс әдісін қолданатын мұнарада жүргізеді. Газ су буымен өте тез әрекеттесіп, күкірт қышқылының буы түзіледі де, ол ұзақ уақыт қалқып, тұман түрінде тұрып алады. Осы қоспа бөлінетін газбен бірге атмосфераға шығып, қоршаған ортаны ластауы мүмкін. Сондықтан күкірт (VI) оксидінің бу түзбей еру жолын қарастыру керек.