Этилен көмірсутектері (алкендер не олефиндер) - бір қос байланысы бар, яғни қатар тұрған көміртек атомдары арасында екі валенттілік болатын заттар, олардың жалпы формуласы СnH2n , алғашқы көмірсутек этилен С2Н4, СН2 = СН2.
Алу жолдары. 1. Олефиндер мұнайда кездеседі, таза күйінде мұнайдан С6Н12-ден С13Н26 -ға дейінгі олефиндер бөлініп алынған.
2. Алкандарды дегидрогендеу арқылы, Сr2О3 катализатор болады.
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану. (15 мин.)
1. Алкандарды халықаралық атау жүйесі бойынша калай атайды?
2. Орынбасу реакциясының механизмі кандай?
3. Алкандардын кеңістіктегі пішінінің ирек - ирек болу себебі не? Ермексаздан пропанның, бутанның кеңістік пішінінің шарөзекті модельдерін жасаңдар.
4. Бромның метанмен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.
5. а) Гексанның, ө) циклогексанның жану реакцияларының теңдеулерін кұрастырыңдар.
6. Салыстырмалы молекулалык массасы 100 - ге тең алканнын:
а) екі гомологының,
ә) екі изомерінің құрылымдық формулаларын жазыңдар.
9. Циклобутанның жану, косылу және хлормен әрекеттесу теңдеулерін кұрастырыңдар.
10. Циклопарафиндер алкандардан өзгеше кандай химиялык реакцияға қатысады, мысалдар келтіріңдер.
11. Этан молекуласындағы атомдар кеңістікте қалай орналасады?
Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі (5 мин.)
. Алкандардың гомологтық қатарында метаннан пентанға дейінгі көмірсутектердің жану реакцияларының теңдеулерін құрастырып, оларды толық жағуға жұмсалатын оттек көлемінің өзгеру заңдылығын табыңдар. Көмірсутек құрамындағы көміртектің саны мен жағуға жұмсалған оттек көлемдерінің арасындағы тәуелділікті бейнелейтін график сызыңдар.
2. Құрылым формулалары келтірілген косылыстарды халықаралык атау жүйесі бойынша атаңдар және біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік көміртек атомдарын тауып көрсетіндер:
3. Төмендегі құрылым формулалары бойынша келтірілген қосылыстарды атап, берілген заттардың ішінен изомерлерді табыңдар. Ол үшін әуелі олардың молекулалық формуласын тапқан жөн:
4. Құрамдарында:
а) 6 көміртек атомы; ә) 8 сутек атомы; б) 10 көміртек атомы; в) 36 сутек атомы
болатын циклоалкандардың молекулалық формулаларын құрастырыңдар.