Білім беру бағдарламаларының ОҚу-бағдарламалық ҚҰжаттамалары



бет56/77
Дата03.08.2023
өлшемі7,37 Mb.
#105008
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
2022-2023 Химия 72 ч. УМК (2)2

Витаминдер. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады.
А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. А витамині жетіспесе,адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады.
В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдері зат алмасу, көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ),жүрек ауруына шалдықтырады. В2 (рибофлавин) жасушаның энергия алмасуын реттейді. Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады.В 6 (пиридоксин)нәруызбен майлар алмасуына қажет. В12 (цианокобаламин)витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В15 витамині – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.
С витамині(аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл витамин организмде жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс – жидектерді , ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д витамині (кальциферол)организмде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысы нашарлап , қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендеу керек.
Біздің дәрі –дәрмек шығаратын өндірістеріміз тәтті қабықпен қапталған дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді ауру және сау адамдардың дәрігердің рұқсатынсыз өз бетімен ішуге болмайды. Витаминді дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
К витамині қанның құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл витамин жетіспегенде – жарақаттанған адамның қаны ұйымай , қан көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанда және бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.
Тамақта витаминдердің сақталуы. Тамақты сақтағанда және өңдегенде витаминдер бұзылады. С витамині бұзылмай сақталуы үшін - жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен жабылған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн. Піскен тамақта витаминдердің бұзылмай сақталуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет