Хлор
Қосылыстары өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданады.
Бром
Маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады.
Фтор
Медицинада дәрілер даярлайды,алғашқы көмекке пайдаланады, тамақ өнеркәсібінде, лабораториялық реактив ретінде де қолданады. Қазіргі кезде ас тұзына, ұнға, ашытқыға оның тұздарын қосып шығарады. Люголь реактивін баспаны емдеуге қолданады.
Йод
Органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсаттарда да қолданады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өмірінде де елеулі рөл атқарады. Тоңазытқыш сұйықтарын алуға қолданылады. (фреон)
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану. (15 мин.)
Галогеналкилдер жоғарғы алкандарды, қанықпаған көмірсутектерді және спирттерді алғанда, аралық заттар ретінде кеңінен қолданылады.
Органикалық заттардың хлортуындылары улы химикаттар болып табылады. Өсімдіктер мен жануарлар зиянкестерімен күресуге қолданылатын заттарды пестицидтер деп атайды. Олардың ішінде инсектицидтер деп өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайтын заттарды, гербицидтер деп арамшөптермен күресте қолданылатын заттарды, ал фунгицидтер деп саңырауқұлақ ауруларымен күресетін заттарды атайды. Мысалы, гексахлорбензол С6Н6Сl6 дәнді дақылдарды зиянкестерден қорғауға пайдаланылады.
Кейбір хлорорганикалық заттар коршаған ортада ондаған жылдар бойы бұзылмай сақталуы мүмкін. Олар сумен араласып, қоршаған ортаға таралады. Суда нашар ерігенмен, майда жақсы еритіндіктен, жануарлар (балық, құс, т.б.) организмдеріне жиналады.